Мелдеханов Өмірзақ Пердебекұлы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 20.04.1953 ж.
Туған жері ОҚО, Мақтаарал ауданы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 1976 ж. 1989 ж. 1989 ж. 2010 ж. Қазақ химия-технологиялық  институты. Ташкент мемлекеттік университеті. АҚШ тынық мұхиты жағалауының университеті. Шымкент университеті
Білімі бойынша мамандығы химик-технолог, химия пәнінің мұғалімі, банк ісі, заңгер
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі орыс Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Құрмет» ордені; «ҚР Парламентіне  10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», ҚР Тәуелсіздігіне                20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл»,  «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісі
Партияға қатыстылы «NUR OTAN» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
1976 1980  «Шымкентстрой»  тресінің жүк артушысы, шебері, бөлім бастығы, Шымкент қаласы
1981 1984 «Семипалатинсктяжстрой» бірлестігінің «Жезкенттяжстрой» тресі басқарушысының орынбасары, Семипалатинск қаласы
1984 1986 «Алматыпромснаб» басқарма бастығының орынбасары, Алматы  қаласы
1986 1987 ЖБИ-1 зауыты директорының орынбасары, Шымкент қаласы
1987 1989 «Агропромстрой» бірлестігі әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы
1989 1992 «Шипагер» көпсалалы ғылыми-өндірістік фирмасының бастығы, Шымкент қаласы
1992 1993  «Казфармбиопром» Қазақ мемлекеттік концерні бас директорының орынбасары, Шымкент қаласы
1993 1996.  «Фармбиопром»  бас директоры, химия-фармацевтикалық зауытының директоры, «Касуб» банкінің Бақылау кеңесінің төрағасы, Шымкент қаласы
1998 2000 облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы, Шымкент қаласы
2000 2005 «Южмаш» Бақылау кеңесінің, «Пресс-Автомат» ЖШС, «Нұр» медиа холдинг директорлар кеңесінің төрағасы, Шымкент қаласы
2005 2006 Абай аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Шымкент қаласы
2006 2018 «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Шымкент қаласы

Түркістан облысында маңызды мәселе талқыланды

Бүгінде «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ «ҮЕҰ-ның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға сарапшылар қоғамдастығының қатысуын кеңейту» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізуде.

Осы орайда, ағымдағы жылғы 17 қыркүйек күні онлайн режимде Түркістан облысы және Түркістан қаласының мемлекеттік органдары мен жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы аясында дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында алғашқы болып сөз алған  «Жаңару» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіре отырып,  азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту, осы бағытта тиімді жұмыс жасау әдістері туралы талқылап, бірлесе жұмыс жасау туралы ұсынысын жеткізді.

Өз кезегінде, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар туралы баяндай отырып, ұйымдастырушыларға осы бағытта одан әрі ынтымақтаса жұмыс жасауға ниетті екендігін білдірді.

Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғабит Жүндібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов, облыстық мәслихат депутаттары Керімхан Қадырбеков,  Қ.А.Ясауи атындағы Түркістан Халықаралық университетінің ректоры Жанар Темірбекова, «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Гүлзия Қасыбай, «Жігер Ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақбаян Жақыпова, «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының төрағасы Еркінбай Шалтан, Түркістан облысы бойынша «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» филиалының директоры және облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдеханов баяндама жасап, өз ойлары мен пікірлерін білдірді.

Баяндамаларды талқылау барысында халықты құқықтық оқыту, Заңдарды түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің халықпен өзара іс-қимылы, цифрлық форматқа көшу, қоғамда заң бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру сынды мәселелер қозғалды.

Осы тұста, жиынға қатысушылардың барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептерін анықтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстарға азаматтық қоғамды, жергілікті жұртшылықты, әртүрлі құрылымдар мен қоғамдастықтарды тарту маңыздылығын ерекше атап өтті.