Лимаренко Марина Анатольевна

 (айы,жылы)

Қаңтар. 2021 ж.

Наурыз, 2009 ж.

Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет)

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

«Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» ЖШС директоры-бас редакторы

Туған кезі (күні, айы, жылы) 30 шілде 1971 ж.
Туған жері Шымкент қ.
Ұлты орыс Білімі жоғары
Бітірген жылы 1993 ж. Қазақ химия-технологиялық институты
Білімі бойынша мамандығы Инженер-химик-технолог (№080046ПВ)
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Ағылшын тілі сөздікпен Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жоқ

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма

(қандай, алған жылы)

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.);

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 ж.);

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 ж.).

Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 

Келген / Кеткен

айы және жылы

БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
01.1991 ж. 01.1993 ж. КК «Мерей», курьер, Шымкент қ.
04.1993 ж. 07.1994 ж. КК «Южное», курьер, Шымкент қ.
07.1994 ж. 06. 1995 ж. «Южный Казахстан» облыстық газетінің редакциясы, техникалық хатшы, Шымкент, қ.
06.1995 ж. 11.1997 ж. «Южный Казахстан» облыстық газетінің редакциясы, корреспондент, Шымкент қ.
11.1997 ж. 01.2006 ж. «Южный Казахстан» облыстық газетінің редакциясы, қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қ.
01.2006 ж. 12. 2008 ж. «Южный Казахстан» газеті редакциясының бас редакторының орынбасары
03.2009 ж. б.к.д. «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» ЖШС директоры-бас редакторы, Шымкент қ.

16.03.2021 ж.

16 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Лимаренко Марина Анатольевна тұрғындармен кездесті. Қабылдауға келгендердің қатарында – Юлдашев Анатолий Убайдуллаевич, ардагер, қоғамдық белсенділігі жоғары Кентаудың  тұрғыны.

Өзімен бірге ақсақал көптеген іс-қағаздар тігілген үлкен қызыл папкасын ала келген.

Зейнеткер қала тұрғындарға жергілікті ЖЭО тарататын  жылу энергиясына тарифтің азайтылу мәселесін көтеріп жүр. Оған негіздеме де бар – монополияға қарсы органдардың құжаты. Бірақ жылуды таратушы мекеме – «Кентау сервистің»  абоненттерге беретін түбіртектерінде бір шаршы метрге белгіленген 53 теңгенің орнына 103 теңге көрсетілген. Екі есе көп!

Мононолисттің тұтынушылар құқықтарын бұзылғандығы жөнінде ардагер әр жерге шағымданған. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.  А.Юлдашев  депутаттан Кентау қаласында тариф белгілеу мәселесін қарастыруды өтінді.

Бұд сұрақты М.Лимаренко бақылауына алды, депутаттық сауал дайындалуда.

13.05.2021 ж.

2021 жылғы 13 мамыр күні Кентау қаласында «Nur Otan» партиясының Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутат  Лимаренко Марина Анатольевна халықпен кездесуді өткізді. Қабылдауға келгендердің қатарында Кентау қаласынан журналист  Владимир Хаев та болды.

Өзімен бірге бұл азамат қаланың орталық бөлігінде, тұрғын үйлер орналасқан жерде, аномалды радиация көзінің барын растайтын құжаттарды ала келген. Билік өкілдері 2020 жылдың аяғына дейін бұл мәселені шешу бойынша уәде берген, бірақ радиация көзі осы күнге дейін жойылмаған.  Радиация әлі де халықтын денсаулығына қауіп келтіруде.

Тұрғын-үй-коммуналдық саласы қызметкерлерініне деген шағымдарын Пушкина көшесінің, 43 үй тұрғындарының атынан  Фанзиля Ханова және Журидин Мунасипов айтып келді. Терезенің алдына қойылған қоқыс контейнерлері тұрғындарды әбігерге салуда. Көмек сұраған тұрғындарға қала әкімінің орынбасары А. Басаровтың атынан жауап келген.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың ұйымдастырылмай жиналу мәселесін  зейнеткер  А. Юлдашев те көтерді. Оның айтуынша, жеке секторда қоқыс алаңшалары жоқ, қоқыстың өзін екі аптада бір рет әкетеді. Сондықтан аулаларда қоқыс жиналып, шіриді, оны иттер, жел шашып тастайды. Адамдарды жергілікті биліктің әрекетсіздігі шаршатты.

Екінші топтың мүгедегі  Талғат Раманқұлов жұмыссыз ретінде есепке тұрғызып, оқуға жіберіп, өз ісін ашуға арналған грантты алуға ықпал етуді сұранды. Оның сөзінше, ол үш жылдан бері мемлекеттік органдарға жүгінуде, бірақ нәтижесі жоқ.

Барлық өткір мәселелер М. Лимаренконың қала әкімі Д. Махажановтың атына дайындалған депутаттық сауалына енгізілді.

Қолға алынған шаралар бойынша депутат  М.Лимаренко өзінің сайлаушыларына  «Южный Казахстан» газетінің беттерінен ақпаратты дайындап, ресми жауаптарды беретін болады.

Кентау қаласынан облыстық мәслихат депутаты М.Лимаренконың қауіпті радиация көзін жою жөніндегі депутаттық сауалына қала әкімінің орынбасары Б. Әлімбетовтың қолы қойылған ресми жауап алынды.

Кентауда гараждардың арасындағы Орталық тұрғын алабында және оқу орнының жанында орналасқан иондаушы сәуле көзі адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде.

Жауапта осы жылдың ақпан айында Ядролық физика институтының (Алматы) мамандары радиацияға өлшеу жүргізгені айтылған. Дозиметриялық бақылау нәтижелері бойынша радиацияның таралу нүктесінен 100 метр қашықтықта – 90,0 мкЗв/сағ; ал бір метр қашықтықта-315 мкЗв/сағ, яғни айналасындағылардың денсаулығына нақты қауіпі тағы да расталды.

Жұмыстың бұл түрі қалалық бюджетке 296 800 теңге шығындалды.

Енді қазір бетон блоктарының астындағы қауіпті заттарды шығару және жою кезегі. Бұл ресми жауап келісім-шарт институты қол қойды. Дәл осы ғылыми мекеме қызмет көрсетудің осы түріне лицензиясы бар. Бюджет ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға қатысты осы жұмыстарға 5,8 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.

23 қараша күні Түркістан қаласында облыстық мәслихат депутаты Лимаренко Марина Анатольевна Сауран ауданының Жүйнек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Пархат Абдуллаев пен белгілі түркістандық журналист  Шамирза Мадалиев қатысты.

Ақсақал жергілікті фермерлардың көптен бері шешілмей жүрген мәселесін көтерді.

 Қарашық өзенінде пайдалы қазбаларды өндірудің салдарынан Оранғай-Жүйнек каналында судың дәрежесі төмендеп кеткен. Оның кейбір бөліктерінде жағалаулары құлаған. Судың жетіспеушілігін 1707 гектар жерді өнлеп жатқан 800 отбасы сезінуде. Адамдар мақта, астық, мал азығын өсірумен, бау-бақшамен айналысады.

 Каналды жөндеудің басты мәселесі – ол бюджеті енді қалыптасып келе эатқан жаңа Сауран ауданының аумағында орналасқан. Ал үлкен өзен бойларындағы қазушылар – бұрыннан келе жетқан үлкен мәселе.

Алда қосымша ақпарат жиналады, мүмкін, бірқатар депутаттық сауалдар дайындалады.

Қоғамдық қабылдау

Бүгін, 2021 жылдың 28 желтоқсанында, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты  Лимаренко Марина Анатольевна «Nur Otan» партиясының Кентау қалалық филиалында қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген екі әйелдің тағдыры ұқсас: бес кішкентай балдары бар, күйеулерімен ажырасқан, несиелері бар, өмір сүруге ақша жетпей жатыр.

Біреуі – қолында кішкентай балдары бар сурдоаудармашы, екіншісі — арнайы білімі жоқ санитарка. Көмек сұрап келді. Қандай болса да көмекке зәру.

Депутат М.Лимаренко облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваға, қалалық білім беру бөлімінің, қалалық емхананың  өкілдеріне өз алғысын білдірді. Олар қабылдауға келген әйелдердің жағдайын анықтап, бақылауға алады.

Мұндай шаралар бұл әйелдерді әлеуметтік көмек көрсету үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыруға мүмкіндік береді.

Жаңа жылдың қарсанында Гүлзат пен Гүлназымға кішігірім сыйлықтар табысталды.

24.02.2022 ж. Кентау қаласындағы облыстық мәслихат депутаты М.Лимаренконың қабылдауларында кездескен, жұмысқа орналасуға көмек сұраған көптеген әйелдердің біріншісі – Өтепова Роза.  Ол 24 ақпан күні  «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне бұрын өзі жұмыс істеген қалалық емханаға медбике болып жұмысқа тұруға көмектесуін сұрап келген.

Мәселенің тез шешілгендігі үшін облыстық қоғамдық денсаулық  басқармасының басшысы М. Пашимовқа депутаттың алғысы шексіз. Кейбір нюанстар болды, бірақ олар дер кезінде шешілді.

Хантағы ауылының мәселелерін қоғам белсендісі Фарида Бекжігітова көтерді.  Бұл жерде бір де бір дәріхана жоқ екен. Жергілікті тұрғындар  бейінді медицина мамандарынан  ем ала алмай қиналуда.  Электр желілерінің ескі бағаналары халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Депутаттық сауалды бір емес бірнеше мекен-жайға жіберуге тура келеді. ”Nur Otan” партиясы айтып жүрген өмір сүрудің жайлы жағдайларына бұл жерде жету үшін әлі біраз бар.

Көп балалы және мұқтаж жандар санатындағы әйелдермен тіл табысып, көмек қолын созған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Үсенханов пен Кентау қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Жақсылық Қайдауыловқа  да депутаттың алғысы мол. Қабылдауға жазылған жандардың өтініштері мен сұрақтары дереу қаралды.

2022 жылдың 31 қаңтарында «Nur Otan» партиясының қалалық филиалындағы депутаттық қабылдау

Бес әйел. Тағдырлары ұқсас. Жалғыз басты, көпбалалы, АӘК алмайды, несиелері бар, ауруларға шалдыққан, тұрақты табысы жоқ.

Эмоцияға берілді: көздің жасы, көмек сұрау, Кентауда жұмыстың жоқтығына ренжу, АӘК тағайындайтын комиссияның жұмысына наразылық.

Бұл облыстық мәслихаттың депутаты ретінде М.Лимаренконың үшінші депутаттық қабылдауы, осыдан кейін Кентау  – көпбалалы, проблемасы бастарынан асатын, 21 ғасырда өз балдарының амандығы үшін күресуге мәжбүр әйелдердің қаласы деген пікір қалыптасты.

Олар «Nur Otan» депутатына соңғы үмітімен келді: қалғандарында олар баяғыда қақпадан кезек алған.

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Асия Темирбаеваға депутаттың рахметі зор. Ол тағы да депутаттың қабылдауында болған әйелдерге көмек көрсетуге дайын.

Гүлмираның,  Меруерттің, Бибірозаның, Гүлнардың және Махангүлдің өмірлерінің өзгеретіндігіне үміт бар.

29.03.2022 ж. «Amanat» партиясының Кентау қалалық филиалында өткен депутаттық қабылдауда облыстық мәслихат депутаты  Лимаренко М. А. алдында облыстық славян мәдени орталығының өкілі  Ирина Домбровская бір мәселені көтерді: Кентау қаласының православиелік мазаратының жағдайы сын көтермейді. Жергілікті тұрғындар мазаратты ретке келтіруді сұрап жатыр.

 

Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес, жергілікті билік органы мен мазараттың әкімшілігі арасында ұстау мен қызмет көрсету бойынша келісім-шарт жасалу қажет.

Қағиданың 17 б. сәйкес, мазарат әкімшілігі жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз ету керек.

Бірақ, Ирина Валерьевнаның суреттері мен әңгімесіне қарап, мазараттың әкімшілігі бұл ережемен таныспаған сияқты. Ал Кентау қаласының әкімдігі бұл мәселені назарда ұстамауда.

Осы аймақтың депутаты ретінде М.Лимаренко, қала әкімі Рашид Аюповтың атына хат дайындауда. Ол жұмысқа жақында ғана кірісті, сондықтан мәселенің мән-жайын әлі білмеген шығар. Ал жылдың ыстық мезгілі жетіп қалды. Кішкентай ғана ұшқын мазаратты жоятың оттың пайда болуына себеп бола алады.

31.03.2022 ж. Түркістан облысының депутаттық корпусы атынан,  «AMANAT» партиясының фракциясының мүшесі ретінде М. Лимаренко  туберкулезбен сырқаттанушылықты азайту мақсатында мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру мақсатында өткен кеңеске қатысты.

Бірнеше жыл қатарынан Қазақстандағы ҮЕҰ бұл мәселеде Жаһандық қор қаржыландырып келеді.  Үшінші сектор тәуекел тобымен жұмыс істейді: маскүнемдер, нашақорлар, АҚТҚ жұқтырғандар, қаңғыбастар, мигранттар, бұрынғы сотталғандар.

Олардың жұмысын жай көзбе де байқауға болады: ауруды анықтау, сондай-ақ  тағайындалған емді елемейтін науқастармен жұмыстың әсері.

Фтизиопульмонологтар үшін ҮЕҰ қауіпті аурумен күресудің білікті көмекшілері болып табылады. Дегенмен, бұл бағытта жұмыс істейтін 18 отандық ҮЕҰ-ның тек үшеуі ғана жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Біздің облыста да, Шымкентте де мұндай ұйымдарға  әлі ақша бөлінбейді.

Дәрігерлер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысуға өтінімдер дайындауда. М. Лимаренков депутаттардың мұндай бастаманы қолдайтынына сенімі мол, өйткені ол барлық азаматтардың денсаулығына  байланысты. Ал Жаһандық қордың қаржыландыруы келесі жылы аяқталады.

 

Вопрос​ с поливной водой решился​ положительно!

 

В село Жуйнек​ района Сауран пришла​ вода. Об этом 4 апреля текущего года на брифинге для средств массовой информации в медиа-холдинге «Алатау» заявил руководитель управления сельского хозяйства области                       Н. Бадыраков.

В прошлом году депутат областного маслихата М.Лимаренко направляла депутатский запрос на имя руководителя управления сельского хозяйства области с просьбой провести ремонт канала Орангай-Жуйнек района Сауран.  Вопрос обеспечения поливной водой сельчан и создание благоприятных условий для развития сельских территорий обозначен одним из ключевых в предвыборной программе партии «АMANAT» («Nur Otan»).

Данная проблема была поднята во время депутатского приёма  Председателем Совета аксакалов​ данного села Ф.Абдуллаев​ым.

Протяженность канала 25 км, 1707 гектаров полей​ орошались​ его водой. Но из-за​ варварской​ добычи камня ​ в этих местах берега водной артерии были размыты. Из Орангая​ до​ места назначения​ доходило  ​ всего​ 20  процентов​ от ожидаемого объёма влаги. ​ Со слов Н.Бадыраков​а,  канал Орангай-Жуйнек ​ полностью ​ отремонтирован и​ сейчас​ находится в​ исправном состоянии. Была задействована​ специальная техника, с​ помощью которой ​ ​ восстановлены берега. ​  Ф.Абдуллаев​  подтвердил: в  Жуйнек​ пришла долгожданная вода.