Кирюхин Юрий Георгиевич

Кирюхин Юрий Георгиевич

Еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастап, БЛКЖО (ВЛКСМ) Шымкент облыстық комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Қазақстан коммунистік партиясы Шымкент қалалық, облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Шымкент қаласы Дзержинский аудандық комитетінің екінші хатшысы, облыстық «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген. Ю.Кирюхин 1991 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық славян мәдени орталығы төрағасының орынбасары, ал 2009 жылдан бастап осы орталықтың төрағасы болып қызмет атқарып келеді. Этномәдени орталығының төрағасы ретінде жұмыс істеген уақыт ішінде Ю.Кирюхин өзін белсенді азамат ретінде көрсетіп,  этносаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Этнос, облыс жұртшылығы арасында беделді және құрметті. Ю.Кирюхиннің бастамасымен облыста жыл сайын «Қазақ романсиадасы» халықаралық конкурсы, «Играй, гармонь!» конкурсы өткізіліп тұрады.