Кентау қаласындағы кездесулер

2021 жылғы 2 тамыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Кентау қаласында арнайы іссапармен болды.

Сапар барысында қоғам өкілдерімен кездесіп, Кентау қаласындағы орта және шағын бизнес кәсіпорындары жұмысымен танысты.

Осы орайда, қалалық мәслихат депутаттары және қоғам өкілдерімен өткізілген арнайы кездесуде Сенат депутаттары Ә.Құртаев, Ә.Бектаев  Қазақстан Республикасы Парламент Сенатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, Сенатта қаралған Заң жобаларына тоқталып өтті.Сонымен қатар, кездесуде Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев, облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөреева пікір білдіріп, бүгінде өңірімізді дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Одан бөлек, жиынға қатысушылар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша Сенат депутаттарына сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.

Кездесу аяқталғаннан соң, Сенат депутаттары Кентау трансформатор зауытына барып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.