Жылқышиев Байділдә

Жылқышиев Байділдә

Еңбек жолын совхоз-техникумының оқытушысы болып бастаған. 1980−1981 жылдары Сайрам ауданы «Сельхозхимия» ауданаралық бірлестігінің аға агрономы. 1981−1984 жылдары Шымкент облыстық агроөнеркәсіп бірлестігінің дала жұмыстары бөлімінің бас агрономы, бөлім бастығы. 1984−1989 жылдары Шымкент облыстық жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық партия комитеті ауылшаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің нұсқаушысы. 1989−1993 жылдары Қазақстан Компартиясы Келес аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Келес аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Халық депутаттары Келес аудандық кеңесінің және атқару комитетінің төрағасы. 1993−1999 жылдары Келес ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1999−2002 жылдары Шардара ауданының әкімі. 2002−2006 жылдары Төлеби ауданының әкімі. 2006-2016 жылдары ОҚО әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.