Жетінші шақырылымдағы  Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы қашықтық режимінде өтті

2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 11.00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы қашықтық режимінде өткізіліп, сессияға депутат А.Орман төрағалық етті.

Сессия отырысына тұрақты комиссиялардың төрағалары, «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары – фракция жетекшісі Тәжібаев Бейсен Дәулетұлы, облыс әкімінің орынбасары Сәбитов Арман Сәбитұлы, облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы және облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Рамазанов Самат Маратұлы қатысты.

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы»  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  4. Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы №81 және Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №3/23-VII «Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту және Сауран ауданының шекарасын белгілеу туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы;
  5. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қазандағы №227 және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/435-VI «Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/478-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Дағдарысқа қарсы штаб құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.

Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.