Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының алғашқы отырыстары

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:     

  1. Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасарын сайлау туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының хатшысын сайлау туралы.

Әр тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі депутаттар сайланды:

  • бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төраға орынбасары  Тұрысбеков  Мағауия Сексенбайұлы, хатшысы Бегалиева  Шолпан  Маратқызы;
  • кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төраға орынбасары Әмірәлиев Әли Орынбасарұлы, хатшысы Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы;
  • аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төраға орынбасары Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы, хатшысы Жұрымбетова  Ұлжанат Серікбайқызы;
  • әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төраға орынбасары  Шойбеков Бекарыс Ақсақалұлы, хатшысы Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы;
  • мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төраға орынбасары Ауен Кеңес Ауенұлы, хатшысы Тәжібаева Гүлбахира Қалмұханқызы болып сайланды.