Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2021 жылғы 15 маусымда облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның отырысына облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы Ө. Мелдеханов жүргізді.

Отырыстың  күн тәртібінде 8 мәселе қаралды:

  1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  3. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы
  4. Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы                                    
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/448-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  6. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №3/30-VIІ «Түркістан облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекіту» шешімінің күшін жою туралы
  7. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің жарғысына өзгеріс енгізу туралы
  8. Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау нәтижесі бойынша тұрақты комиссия аталған мәселелерді  сессия қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.