Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2021 жылғы 14 маусымда облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның отырысына облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы А.Орман жүргізді.

Отырыстың  күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:

  1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;                                    
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  5. Түркістан облысының құрылыс басқармасы басшысының 2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі есептері туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау нәтижесі бойынша тұрақты комиссия аталған мәселелерді  сессия қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.