
Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы
Маусым 11, 20210
2021 жылғы 11 маусымда сағат 11.00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы онлайн режимде өтті.
Сессияның жұмысын облыстық мәслихат депутаты А.Орман жүргізді.
Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:
- Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту және Сауран ауданының шекарасын белгілеу туралы;
- Түркістан облыстық мәслихатының депутаты А.Д.Өміртайдың депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
- Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

0 пікір
Пікір жазыңыз