Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы

2021 жылғы 7 сәуірде сағат 11.00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы онлайн режимде өтті.

Сессияның жұмысын облыстық мәслихат депутаты А.Орман жүргізді.

Сессияның күн тәртібі бойынша «Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу туралы» мәселе қаралды. Қарау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына берілген жалпы алаңы 795,62 гектар жерді облыс аумағына қосу жолымен Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өткен Бағыс елді мекенінің жалпы алаңы 750,00 гектар жерлерін Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округінің шекарасына және Хиебон елді мекенінің жалпы алаңы 45,62 гектар жерлерін Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Сарыағаш ауданының шекарасы өзгертіледі.