Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы

2021 жылғы 19 наурызда сағат 10.00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Жетпісбай, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның жұмысын облыстық мәслихат депутаты Н.Әбішов жүргізді. 

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне 20 мәселе енгізілді:

  1. Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы;
  2. Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту және Сауран ауданының шекарасын белгілеу туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы;
  5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  7. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
  8. Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы;
  9. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидаларын бекіту туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/410-VI «Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  11. Түркістан облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы;
  12. Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы;
  13. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  14. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  15. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/415-VI «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  16. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең тараған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  17. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  18. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  19. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  20. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы.

Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.