ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ

Түркістан облыстық мәслихатының жетінші шақырылымдағы жаңа құрамы бірінші сессияда бас қосты. Сессия жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Атап айтқанда:

  1. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысын сайлау туралы;
  2. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы;
  3. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы;
  4. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы;
  5. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы фракциясының атынан фракция жетекшісі, депутат Б.Тәжібаев сөз алып, облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына депутат Қайрат Рахымұлы Балабиевтің кандидатурасын ұсынды.

Осы мәселе сессия төрағасы тарапынан дауысқа қойылып, нәтижесінде жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы лауазымына депутат Қ.Балабиев сайланды.

Сонымен қатар, сессияда Түркістан облыстық мәслихатының 5 тұрақты комиссиясын құру, тұрақты комисссиялардың сандық және сапалық құрамын бекіту бойынша шешімдер қабылданып, осы комиссиялардың төрағалары сайланды.

  1. Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып – депутат Шерімов Роллан Әділетұлы;
  2. Кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып – депутат Орман Анарбек Оңғарұлы;
  3. Аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып – депутат Әбішов Нұралы  Әлмаханұлы;
  4. Әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып – депутат Сәлімов Алмас Алтайұлы;
  5. Мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Мелдеханов Өмірзақ Пердебекұлы сайланды.

Жалпы, облыстық 45 депутаттың  «Nur Otan» партиясынан – 37, «Ауыл» және «Ақ жол» партияларынан 4 мандаттан иеленді. Сессия жұмысы барысында 45 азаматқа депутаттық төсбелгі мен куәлік табысталды. Олардың арасында 11 әйел азаматшасы мен 29 жасқа дейінгі бір жас депутат бар.

Облыстық мәслихаттың VII-шақырылымындағы сайланған депутаттардың құрамында кәсіпкерлер, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп саласы, үкіметтік емес ұйым, БАҚ және ауыл шаруашылығы, жастар саласының өкілдері, сонымен бірге көпбалалы анада енді.