Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2021 жылғы 16 наурызда облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның отырысына облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы А.Орман жүргізді.

Отырыстың  күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:

  1. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/415-VI «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау нәтижесі бойынша тұрақты комиссия аталған мәселелерді  сессия қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.