Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2022 жылғы 10 наурызда облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Тұрақты комиссияның отырысына облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы А.Орман жүргізді.

Отырыстың  күн тәртібінде 8 мәселе қаралды:

  1. 1. Кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасының орынбасарын сайлау туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
  4. Түркістан облысы бойынша барлық денгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған кестесі туралы;
  5. Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі туралы;
  6. Түркістан облыстық Қоғамдық  кеңесінің   құрамын  бекіту туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының облыстық мәслихат  қызметін ұйымдастыру,  депутаттардың  сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
  8. Оңтүстік Қазақстан   облыстық   мәслихатының   2016   жылғы 29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау нәтижесі бойынша тұрақты комиссия аталған мәселелерді  сессия қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.