Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы

2021 жылғы 12 қазанда облыстық мәслихаттың кезекті 11-ші сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша кадрлық өзгерістерге байланысты өңірлік кеңестің дербес құрамына бірқатар өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Әбдуәлиев Қайрат Аманкелдіұлы – Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы;

Әзімов Қайрат Мұратұлы – Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы;

Бабакулов Нұрлан Дощанұлы – «CAPABLE GROUP» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы  директоры;

Байдуллаев Файзулла Мустафинұлы – «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры;

Гелашвили Мұрат Кошалиевич – «Ecoinvest S.A.»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры;

Ділдабаев Медеу Әбдіәкбарұлы – «TURKISTAN  INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту аймақтық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы;

Елшібеков Еркін Кеңесбекұлы – Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  басшысының орынбасары;

Жаппаров Күмісбек Еркінбекұлы – Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму  басқармасы басшысының орынбасары;

Жаңабаев Ерсұлтан Берікұлы – «KAZAKH INVEST»  Ұлттық   компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік директоры;

Жанисенов Талғат Сүгірәліұлы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  акционерлік қоғамының Түркістан қаласындағы бөлімінің басшысы;

Жаркенов Боранбай Қаппарұлы – «HEVEL KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;

Ибрагимов Айдын Алтайұлын – «Green Technology Indastries» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры;

 Нахипбеков Тимур Арсенұлы – Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры;

Озатқызы Жазира  – «Golden Camel Group LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары;

Стиллава Алекс Альфи – «ARM WIND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры;

Суттибаев Шерзат Анарқұлұлы – Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;

 Тастанов Алмас Құлмұханұлы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша аймақтық филиалының директоры;

Тілеген Ерғали Аманкелдіұлы – Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы;

Үсібәлиев Тоқтар Оразұлы – Түркістан облысының құрылыс басқармасының басшысы Кеңес мүшелері болып енгізілді.

Өңірлік кеңестің дербес құрамынан  Ә.Б.Тілегенов, Е.М.Ибрайханов, С.О.Тұрбеков, Г.С.Саметова, Қ.Ә.Тастанов, Ә.Ш.Өсербаев, Д.Қ.Мамыров, Ж.Қ.Қалдаров, Д.Б.Әбсаттаров, Е.Қ.Оңғарбаев, Б.М.Түймебаев, М.Б.Қасымбеков, Ф.К.Меркаримов, Қ.Қ.Молдасейітов,  А.Ә.Досболов, М.Қ.Битемиров, Қ.Б.Абасов, А.А.Зурабов, Б.Қ.Құдабаев, А.Ә.Арыстанов, Т.Ж.Ысқақов, М.Қ.Тағаев, У.Б.Ахметов, А.Ә.Әмірбекова, И.Урбанец, А.С.Баранов, Н.А.Дутбаев, Ф.Н. Шукуров, М.А.Қадырбеков, А.А.Оспанов, Н.М. Омаров, Ә.Ә.Қайыпбеков, Ә.С.Жұмабеков шығарылды.