Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс Х сессиясы өтті

2021 жылғы 15 қыркүйекте сағат 11.00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы қашықтықтан жұмыс жүргізу режимінде өтті.

Сессияның жұмысын облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Р.Балабиев жүргізді. 

Күн тәртібіне сәйкес кезектен тыс оныншы сессияда «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігі қаулысының жобасын келісу туралы» мәселе қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіліп,  азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мамандарға  орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар да жоғарыда көрсетілген Мамандар тізбесіне жатқызылды. Сол себептен де осы мамандарды жоғарыда көрсетілген Мамандар тізбесіне облыс әкімдігінің аталған қаулысымен енгізу қажеттілігі туындаған. Аталған мәселе бойынша шешім жобасы талқыланып, тиісті шешім қабылданды.

 Сессияда облыстық мәслихаттың депутаттары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады. Онда өңірлік кеңестің дербес құрамына облыс әкімдігіндегі кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Аюпов Рашид Абатұлын Кеңес төрағасы етіп енгізу және өңірлік кеңестің дербес құрамынан  М.И.Мырзалиевті шығару туралы шешімнің жобасы талқыланып, тиісті шешім қабылданды.

Сонымен қатар, сессияда облыстық мәслихаттың депутаттары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы  19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені де қарады. Онда сарапшылық комиссияның дербес құрамына кадрлық өзгерістерге байланысты Қ.М.Әзімовты – Түркістан облысының инвестиция  және экспорт басқармасының басшысын, комиссия төрағасы, Д.Талғатұлын – Түркістан облысы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімінің бас инспекторын, комиссия төрағасының орынбасары, ал Қ.Ә.Керімжановты – Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімі басшысының міндеттерін атқарушыны, Б.Б.Орынбекті -Түркістан облысының кәсіпкерлер  палатасының құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бірінші санаттағы сарапшысын комиссия мүшелері етіп енгізу және сарапшылық комиссияның дербес құрамынан Е.Е.Қыдыровты, С.Н.Нышанды, И.А.Кимді, Ә.Ә.Құрбановты шығару туралы шешімнің жобасы талқыланып, тиісті шешім қабылданды.