Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы

2021 жылғы 9 қыркүйекте Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс 9-шы сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Ө.Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының, Қоғамдық кеңестің төрағалары, облыстық басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер қойылып, қаралды.

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VІ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №7/73-VIІ «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы  №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;

5.Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №7/71-VII «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Күн тәртібіндегі «Түркістан облыстық  мәслихатының 2020 жылғы      11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша келесідей нақтылау енгізілді.

2021 жылғы облыстық бюджеттің көлемі жалпы 5,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 086,0 млрд. теңгені құрады.

 Күн тәртібіндегі «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VІ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» мәселе қаралып, міндеттемелерді қабылдау тізбесіне «Түркістан  қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол трафигі  деректерін талдау жүйесін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша 2022-2027 жылдарға      5 906 846 704 (бес миллиард тоғыз жүз алты миллион сегіз жүз қырық алты мың жеті жүз төрт) теңге мөлшерінде қаржы қаралды.

 

Күн тәртібіндегі «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №7/73-VIІ «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы  №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы» мәселесі бойынша тиісті шешім қабылданды.

 

Күн тәртібіндегі «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» мәселені қарау нәтижесі бойынша Түркістан қаласы бойынша мынадай жол жүру сызбасымен: «Түркістан халықаралық әуежайы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Отырар шағын ауданы – Түркістан халықаралық әуежайы» (Түркістан халықаралық әуежайы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Бекзат Саттарханов даңғылы – Жібек жолы саябағы – Халық Банк – Rixos қонақ үйі – Халықаралық қазақ түрік университеті –  Дастархан  – Керуен сарай – Әмір Темір – Қазыбек би көшесі – Шекті Тілеу Жолдаяқ көшесі – Жібек жолы даңғылы – Шәмші Қалдаяқов даңғылы – Отырар шағын ауданы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан халықаралық әуежайы).» №20 жолаушылар тасымалдау бағыты іске қосылды.  

 

Күн тәртібіндегі «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы      18 маусымдағы №7/71-VII «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарау нәтижесі бойынша облыстық жер комиссиясының құрамына облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы Тілеген Ерғали Амангелдіұлы комиссия мүшесі болып енгізілді.

 Күн тәртібіндегі «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының  2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, облыстық мәслихаттың өкілеттіктеріне қатысты өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, сессияда Түркістанда сонау 1991 жылы орын тепкен, Тәуелсіздігіміздің түйдей құрдасы – Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мәслихаттардың құзыретіне қоғамдық маңызы бар мәселелерді тыңдау және талқылау өкілеттіктерінің жатқызылуына байланысты, сондай-ақ, жастарға білім беру және тәрбие беру мәселелерінің өзекті болуы себепті Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры Ж.А.Темірбаеваға сөз берілді. А.Ж.Темірбаева өз баяндамасында студенттерге білім берудің қазіргі заманғы мәселелері, білім берудің озат әдістемелері, бәсекелестікке қабілетті жоғары білімді мамандар даярлау және жастар тәрбиесі  туралы баяндады.  

Мәслихат депутаттары университеттің соңғы кезде атқарған жұмыстарын атап өтіп, іргелі білім ордасына қолдау көрсетуге ниеттестігін білдірді.