Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы

2021 жылғы 19 тамызда сағат 10.30-да жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы онлайн режимде өтті.

Сессияның жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізді.

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының шекараларын өзгерту туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.