Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2021 жылғы 3 ақпанда жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы қашықтық режимінде өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысына облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов және тиісті басқарма басшылары қатысты.

Тұрақты комиссияның жұмысын бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Р.Шерімов жүргізді.

Отырыстың  күн тәртібіне 9 мәселе шығарылып қаралды, олар:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы;
  3. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы №49/515-VІ «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
  7. Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/571-VI «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.