Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы

2021 жылғы 21 сәуірде онлайн режимде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Атап айтқанда, облыстық бюджетке келесідей өзгерістер енгізілді.

Кірістер 502 901 мың теңгеге қысқартылды. Оның ішінде: салықтық түсімдер – 1 223 194 мың теңгеге қысқартылып, бюджеттік кредиттерді өтеу – 720 293 мың теңгеге ұлғайтылды.

Шығындар 502 901 мың теңгеге қысқартылды. Оның ішінде функционалдық топ бойынша: жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер – 121 707 мың теңгеге, бiлiм беру – 1 124 765 мың теңгеге, әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру – 6 558 мың теңгеге, басқалар – 8 675 082 мың теңгеге қысқартылды.

Ал, қорғаныс – 35 490 мың теңгеге, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 184 328 мың теңгеге, денсаулық сақтау – 59 412 мың теңгеге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 2 762 302 мың теңгеге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк – 2 120 061 мың теңгеге, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 2 316 698  мың теңгеге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 381 096 мың теңгеге, көлiк және коммуникация – 119 625 мың теңгеге, борышқа қызмет көрсету – 1 116 199 мың теңгеге, бюджеттік кредиттер –  330 000 мың теңгеге ұлғайтылды.