Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы

2021 жылғы 12 қазанда Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті.

Күн тәртібінде «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі қаралды. Нәтижесінде келесідей тармақтармен толықтырылды:

«189. «Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылындағы Ұлықбек №11а көшесі бойында орналасқан спорт кешенінің құрылысы»;

  1. «Түркістан облысы, Түркістан қаласында жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану»;
  2. «Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану»;
  3. «Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласында жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану»;
  4. «Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында жалпы білім беретін мектеп салу және пайдалану»;
  5. «Түркістан облысы, Кентау қаласының аула алаңдарын күрделі жөндеу, абаттандыру және күтіп ұстау»;
  6. «Түркістан қаласында ЖЭО салу және пайдалану».