Жантөреева Қалыйма

Жантөреева Қалыйма

Жантөреева Қалыйма 15.07.1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

Шымкент кооператив техникумы (1979), Қарағанды кооперативтік институты (1990), Алматы экономикалық университеті (2007), Халықаралық гуманитарлы техникалық университет (2008), Шымкент қ. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (2009) бітірген. Мамандығы бойынша «Товаровед», «Экономист», «Заңгер», «Мемлекеттік жергілікті басқару».

Еңбек жолын 1975-1977 жж. Шымкент облысы Қызылқұм ауданы Шәуілдір селосында Қызылқұм ауданы тұрмыс қажетін өтеу комбинатының тігін мастері болып бастаған. Шымкент кооператив техникумында 2 жыл білім алып, 1979-1986 жж. «Культхозгалантерея» базасында Товаровед болды. 1986-1989 жж. Шымкент облысы Сайрам ауданы Тассай селосындағы Әмбебап көтерме сауда базасында Аға товаровед болып, 1989-1992 жж. қойма меңгерушісі, 1992-1993 жж. бөлім бастығы болып жұмыс жасаған. 1993-1997 жж. облыстық тұтынушылар одағының ОҚО көтерме бөлшек бірлестігінде директордың коммерция бойынша орынбасары. 1997-2006 жж. «Көпсауда» ЖШС директоры. Қалыйма Жантөреқызы 2006 жылы Республикалық «Отан» саяси партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары басшылық қызметіне тағайындалып, бүгінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келеді. Саяси қызметке келген күннен бастап Қалыйма Жантөреқызы елімізде өткен барлық президенттік, парламенттік сайлауларға облыс деңгейінде белсенді қатысып, облыстың саяси және әлеуметтік салаларының дамуына, партиялық бағдарламалардың жүзеге асуына айтарлықтай мол үлес қосып келеді.

Марапаттары: «Құрмет» ордені (2016 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2010 ж.), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Халық алғысы» медалі (2020 ж.).

Түркістан облысының Құрметті азаматы (15.09.2021).