Есенқарақызы Ханбибі

Есенқарақызы Ханбибі

Еңбек жолын ұстаз болып бастады. Шымкент педагогикалық институтында оқып жүріп Макаренко атындағы мектепте мұғалім, 1968-1972 жылдары Сарыағаш аудандық «Қызыл ту», «Красное знамя» газеттерінде әдеби қызметкер, 1973-1980 жылдары облыстық халық шығармашылығы орталығында бас маман болып қызмет атқарған. 1987 жылы облыстық «Қайырымдылық және денсаулық қорын», 1989 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. Бұл салада ол мемлекеттік тілдің кең ауқымда өмірге енуіне ат салысып, «Тіл туралы» заңның жобасын жасауға қатысады. 2003 жылдан облыстық саяси қуғынсүргін құрбандары мұражайының директоры. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.

11 кітаптың авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылды. Әнге айналған «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңілгүл», «Махаббатөмірлері» халық арасына кеңінен таралды.

«Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.

Сарыағаш ауданының және Түркістан облысының Құрметті азаматы.