Есей Өркен

 (айы, жылы)

Қаңтар, 2021 ж.

2009 ж.

Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет)

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

«YESSEY Group» ЖШС құрылтайшысы.

Туған кезі (күні, айы, жылы) 09.04.1975 ж.
Туған жері Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Машат ауылы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы

2002 ж.

2005 ж.

2012 ж.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті,

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті,

Қазақ халық аграрлық университеті

Білімі бойынша мамандығы

Заңгер.

Қаржыгер.

Экономика және бизнес.

Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі

Орыс тілі,

Ағылшын тілі

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма

(қандай, алған жылы)

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.);

«Алтын жүрек» сыйлығы (2011 ж.);

«Батыр шапағаты» медалі (2014 ж.);

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2017 ж.);

«Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2018 ж.).

Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 

Келген / Кеткен

айы және жылы

БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
1992 1994 «ВАЗ» техникалық қызмет көрсету орталығы слесарь-механигі
1994 1999 Жеке кәсіпкер
1999 2001 «Ниссан» ЖШС директорының орынбасары
2001 2003 «Крафт-Сервис» ЖШС директоры
2003 2007 «Испан комир» ЛТД кәсіпорнының басшысы
2008 2009 «Ақ Шаңырақ» ЖШС директорының орынбасары
2009 б.к.д «YESSEY Group» ЖШС құрылтайшысы

Түркістан облыстық мәслихат депутаты  Есей Өркеннің  атқарған жұмысы

Есей Өркен  «Нұр Отан» партиясымен бірге жеке қабылдауға аз қамтамасыз  етілген  көпбалалы,  мүмкіндігі  шектеулі  5 адамды қабылдап, соның ішінде аз қамтамасыз етілген  2-топтағы мүгедек  азаматша Тәжі Гүләйшаға өз қаражатынан жалпы құны 12 000,0 млн тенге тұратын,  алаңы 11x 9 шаршы метр құрайтын 5  бөлмелі тұрғын үй салып берді. Қараша айында пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Тәжі Гүләйша өз баспанасына дән риза, берген сұхбатында Түркістан Облыстық маслихат депутаты Есей Өркенге шексіз алғысын білдірді.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есей «Nur Otan» партиясының Түлкібас аудандық филиалында 2021 жылдың 10 қыркүйегінде бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелері тұрғын үй, дәрі-дәрмек, балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсетуін сұрады.

Өтініш білдірген азаматтардың мәселелері назарға алынып, басым бөлігі оң шешімін тапты.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есей «Nur Otan» Партиясының Түлкібас аудандық филиалында ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні азаматтарды жеке мәселелерімен қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған азаматтардың әлеуметтік көмек (АСП), тұрғын үй, спорт алаңшаларын салу мәселелері бойынша және т.б. мәселелерімен келген азаматтарды тыңдап, проблемаларына құлақ түрді. Аудандық әкімдіктегі тиісті бөлімдерге сұраухат жолданды.

Сонымен қатар әлеуметтік күн көрісі төмен отбасыларға көмек көрсетілетін болып, мәселелері оң шешілді.

2022 жылдың 16 ақпанында  Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есей Түлкібас аудандық “Nur Otan” партиясының жергілікті филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуге келген аудан азаматтарының басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді алға тартты.

Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Сауытбек Сейсенбаев бірнеше мәселені көтерді. Бұқаралық спортты дамыту бойынша ауылға спорт алаңшасын салсақ деген ұсыныс тастады. Сондай-ақ, құрылысы тоқтап тұрған каналдардың жайын да айтты. Депутат бұл бойынша жауапты мекемелерге сұраныс жіберетіндігін жеткізді.

2022 жылдың 20 ақпанында Өркен Есей Түлкібас ауданындағы                   №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Шақпақ ауылындағы спорт нысаны ХІХ ғасырда шіркеу ретінде салынған екен. Ғимарат кейіннен спорт залы ретінде қолданысқа берілген. Бірақ, балалардың еркін жаттығуына жағдай жасалмаған. 1500-ден аса болашақ чемпиондар 5 түрлі спорт түрі бойынша жаттығу жұмысын бір ғана залда өтеді. Сондай-ақ, киім ауыстыруға, жуынуға арналған арнайы бөлмелер жоқ.

Өз кезегінде, депутат мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.

2022 жылдың 28 ақпанында облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есей Түлкібас ауданына қарасты Састөбе ауылында емхана құрылысымен танысты.  Емхана құрылысымен танысу барысында мердігер мекеменің өкіліне емхана белгіленген уақытта, кемшіліксіз қолданысқа берілуі қажет екендігі айтылды.

         2022 жылдың 13-сәуір күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі Өркен Есей Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың 2021 жылдың қорытындысымен Шақпақ ауылдық округі тұрғындарының алдында есеп беруіне қатысты.

         Аталған ауылда көп жылдан бері шешімін таппай келген ауыз су жүйесі биыл толығымен жаңартылып болған соң, жөндеуді қажет ететін ішкі көшелер «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы аясында орташа жөндеуден өтпек.

Аталған ауданнан сайланған депутат ретінде  кездесуде халықтан келіп түскен өтініштер негізінде түзілген алдағы атқарылатын жұмыс барысымен түсіндіріп, ауылдағы басты мәселе – әлеуметтік маңызы бар нысандар жайлы мәселе көтерді. Әкім, депутат және халық арасындағы ашық кездесуде ауылды көркейту бойынша көтерілген мәселелер негізінде тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп белгілеген болатын. Осыған орай Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығы» «Асыл жүрек» қайырымдылық фестивалін ұйымдастырмақ. Жобаның мақсаты «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлау. Түлкібас ауданынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты кезекті сапар барысында аталған мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, игі істерге демеушілік жасайтынын жеткізген болатын. Орталық жеке меншік ғимараты жалға алып қызмет жасауда. Жалпы облыстық бюджеттен жылына 89 млн теңге бөлінсе, оның 4 млн теңгеден астамы ғимараттың ақысына жұмсалады.

7-мамыр күні Түлкібас ауданының «Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесе отыра «Асыл жүрек» қайырымдылық шарасы өтті. Балалар жылына орай арнайы ұйымдастырылған бұл шараға мәслихат депутаты өз үлесін қосты. Жас бүлдіршіндерге сый-сыяпат табыстап, балаларды қуанышқа бөледі.

14-сәуір күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есей Түлкібас ауданына мобильді топпен бірге іссапарға барды. Кезекті кездесуді Жабағылы ауылының тұрғындарымен өткізіп,  жергілікті халықтың талап-тілегін тыңдады. Айтуларынша,  заман талабына сай интернеттің игілігін көрмей келеді. Яғни байланыс нашар. Ауыл жастарына спортпен шұғылдануға арнайы орын да жоқ. «Amanat» партиясының мүшесі бұл мәселені назарына алатындығын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында осы мәселелерді күн тәртібіне шығаратынын айтты.

         Түркістан облысының мәслихат депутаты Өркен Есей 19-сәуір күні Майлыкент ауыл округіне іссапармен барды. Т.Рысқұлов ауылында                         300 орынға арналған мектеп құрылысымен танысып,  мәселелерді тыңдады. Білім ұясы бүгінде «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің» ескі, мектеп ғимаратының талаптарына сәйкес келмейтін зертханалық корпусында орналасқан. Мұнда қазір Тұрар Рысқұлов ауылындағы 3 мөлтек ауданның оқушылары білім алуда. Мектеп құрылысына 1,92 гектар жерге құжаты дайындалып, жергілікті бюджет есебінен жаңа мектеп бой көтермек. Халық қалаулысы білім саласына қатысты осынау өзекті мәселелерді бақылауға алатынын жеткізді.