Ережепов Серкебай

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Қазан, 2018 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. ҚР ӘМ «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК филиалы Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығының директоры.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 10.07.1958 ж.
Туған жері Шымкент қ.
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 1986 ж. Қазақ ауылшаруашылық институты
Білімі бойынша мамандығы Агроном-ғалым
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Ағылшын тілі сөздікпен Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Экономика ғылымдарының кандидаты
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы)  
Партияға қатыстылы «Ауыл» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
1986 1989 Сайрам ауданының «XXI партсъезі» атындағы ауылдың аға агрономы
1989 1996 ОҚО әкімшілігі Сайрам аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, ОҚО әкімшілігі, аға референт, ОҚО облысы әкімінің көмекшісі
1996 1998 Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы
1998 2003 «Жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК ОҚО еншілес ұйымының  директоры
2003 2007 Шымкент қаласы Аграрлық колледжінің директоры
2007 2008 «Республикалық растау және біліктілік беру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
2008 2010  ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің  Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл экология департаменті әкімшілік-қаржылық, кадр және жұмыс режимі  бөлімінің басшысы.
2010 2012 ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің  Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл экология департаменті Бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы
2012 2015 «КазАгроИнновация» АҚ «Тассай» білім тарату орталығының жетекшісі
2016 2018  «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, өсімдік шаруашылығы және егіншілік бөлімінің басшысы.
06.2018 10.2018 «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК филиалы Оңтүстік-Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы директорының міндетін атқару
10.2018 б.к.д. ҚР ӘМ «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК филиалы Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығының директоры.

31.03.2021 ж.

«Ауыл» ХДПП партиясының атынан сайланған VII шақырылымдағы мәслихат депутаты  Серкебай Ережепов Төлеби ауданы Көксәйек ауыл округінде болып, жеке қабылдау күнін өткізді.

Қабылдауда Түрік диаспорасының төрағасы Байрамов Джайлаубай Айтеке-би көшесінде кешкі уақытта электр энергиясы  жетіспейтіндігін, жолдардың тозғандығын, жайылым мәселесі, сондай-ақ агроқұрылымдардың ауыспалы егіс жүйесін сақтамайтындықтарын айтты.

 Күрд  диаспорасының төрағасы Құсайынұлы Ахмет Көксәйектен Қарамұрт елді мекеніне бұрылатын үлкен жол бұрылысына бағдаршам орнатуды және тозған электр бағыналарын ауыстыруды, интернет жүйесін жақсартуды ұсынды.

Қазақстан елді мекенінің тұрғындары  Сағынбеков Тұрлыбек пен Еркінбеков Қонай ауыз-су мен түнгі жарық мәселесін көтерді. Қожабек көшесінің тұрғыны Жамалов Темірәлі ағын-су жазғы уақытта көше соңына жетпейтіндігін айтты.

Нәтижесінде халық қалаулысы ауыл әкімімен бірге тозған көше ағымдағы жөндеуден өтетіндігін, бағдаршам мәселесі шешіліп жатқандығын, ағын-су бойынша тиісті мекемеге кезекпен суару кестесін жасататындықтарын айтты. Ал, электр энергиясы, ауыз-су интернет желісіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкіміне баяндап, жеке бақылауына алатындығын айтты.