Елшібаев Ғалымжан Қамытбекұлы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. 2019 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 12.03.1975 ж.
Туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылы
Ұлты Қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 1998 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
Білімі бойынша мамандығы Журналист
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Орыс Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы бакалавр
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі  (2001 ж.); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.); «Қазақстан Републикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.); «Қазақстан Републикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.); «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.); «Халық алғысы» медалі (2020 ж.); «Облысқа  сіңірген  еңбегі үшін» медалі
Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
1993 2000 Төлеби аудандық «Төле би туы» газетінің редакциясы, корректор,  тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі
2000 2001 Облыстық  «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі.
2001 2002  «Шымкент келбеті» газетінде сала меңгерушісі.
2002 2017  Республикалық «Жас Алаш» газетінің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл  облыстары бойынша меншікті тілшісі.
2008 2018 Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін қоса атқарды.
2017 б.к.д. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) бойынша меншікті тілшісі.
2019 б.к.д.  Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы.

22.01.2021

Қоғамдық қабылдау

Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалында депутат Ғ.Елшібаев қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға келгендердің арасында 18 жылдан бері Қазақстанның азаматтығын ала алмай жүрген Надира Асылованың тағдыры ерекше елең еткізді. Өзбекстанда туып өскен Надира 2003 жылы Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылының тұрғыны Кәмілжан Асыловқа тұрмысқа шыққан. Содан бері тек уақытша шетелдіктің тұру ыхтиярхатымен жүріп келе жатыр екен. Осы жылдар ішінде Надира 5 бала-шағаның анасы атанып үлгерді. Қазір үлкені 15-те, ең кенжесі 6 жаста.

Қазақстанның азаматтығын алу үшін Надира көп сабылғанын айтты. «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының заңгер-кеңесшісі Жанар Жұмағұлқызы Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамның азаматтық алуға құқылы екені заңнамада көрсетілгендігін жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Төлеби аудандық филиалымен бірлесе отырып осы мәселені жан-жақты зерттеуге кірісіп, аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметімен байланысқа шығып, ондағы қызметкерлер жәрдем беруге дайын екенін білдірді. Өз кезегінде, депутат Ғ.Елшібаев көп жылдан бері азаматтық ала алмай келе жатқан азаматшаның мәселесін бақылауға алып, оңтайлы шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді.

20.02.2021

«Nur  Otan» партиясының Төлеби аудандық филиалында облыстық мәслихат депутаты Ғ.Елшібаев қоғамдық қабылдау өткізді. Ауыз су, жол, жайылым төңірегіндегі шешімін таппай келе жатқан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

26.03.2021 ж.

«NurOtan»-ның жиынында талқыланды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және оларға қолдау көрсету мәселесі қаралды. Партияның «Кедергісіз келешек» атты жобасы аясында құрылған «Түркістан облысы бойынша бейімдеуден өткен әлеуметтік нысандар мен қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігіне мониторингтеу» тобы тарапынан жүргізілген сараптама жұмыстарының қорытындысы тыңдалды.

Мониторинг облысымыздың 3 қаласы мен 3 ауданындағы бірқатар нысандарда жүргізіліп, нәтижесінде барлығынан дерлік кемшіліктер анықталған. Атап айтсақ, сыртқы баспалдақтарында ескерту бояулар немесе тактильді ескертулер қойылмаған. Орнатылған пандустардың таюға қарсы жабындылары жоқ, ені, тұтқасының биіктіктері талапқа сай емес болып шықты.

Бүгінде мүгедек жандар арасында «Инватакси» қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл көліктер кресло-арбаны тасымалдауға ыңғайланған. Дегенмен, таксидің бұл түрі зағиптарға қызмет көрсетпейді. Көзі көрмейтін және нашар көретіндерге арнайы әлеуметтік такси белгіленген. Алайда, Шымкент пен бірді-екілі аудан орталығы болмаса, таксидің мұндай түрі жоқтың қасы. Осыдан-ақ зағиптардың жүріп, тұруы қиын екені аңғарылады.

Зағип жандарды толғандырып отырған бұдан да басқа мәселелер аз емес. Айталық, қазір Брайль үлгісімен қолмен сипап оқуды үйрететін мұғалімдер тапшы. Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева қозғалған мәселелер бойынша ұсыныстарды жазып алып, мәселелер оң шешілуін назарға алатынын жеткізді.

Партияның сайлауалды бағдарламасында алдағы жылдарда зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана қорын көбейту, басқа да қамқорлық шараларын іске асыру көзделген. Зағиптар арасынан небір талантты, өнерімен әлемді дүр сілкіндірген талай есімдер шыққаны белгілі. Біздің қоғамда көру қабілеті нашар болғанымен, бойында ерекше қабілеті бар, білімге деген ұмтылысы зор жандар көп. Бүгінде соларға көмек көрсету – партияның басты мақсаты.

15.04.2021 ж.

Қоғамдық қабылдау

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты  Ғалымжан Елшібаев 2021 жылғы 15 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуге келген аудан тұрғындары шалғайдағы ауылдарға мектеп салу, жол жөндеу, таза ауыз су, табиғи газбен және интернетпен қамту сынды т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді. Келген азаматтарға заң аясында  түсіндіру жұмыстары жасалып, алдағы уақытта әрбір мәселенің шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді.

22.04.2021 ж.

Канвассинг кездесу

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ғалымжан Елшібаев желілік кестеге сәйкес,  білім саласының нағыз білгір маманы Әбдіразақ Тастановпен канвассинг кездесу өткізді.

Әбдіразақ Тастанов Төлеби ауданында ұзақ жылдар бойы ұлағатты ұстаз, іскер маман, білікті басшы болып жемісті еңбек еткен. Еңбек жолында қатардағы тәрбиешіден мектеп директорына дейін көтерілген. Бұл кісі білім ошағында талай тың бастамаларға жол ашып, соның бірі ауданда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқыту тәжірибесін қолданысқа енгізген.

Бүгінде Әбдіразақ Қайыпбекұлы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Республикалық қазыналық кәсіпорнының Леңгір қаласындағы филиалының басшысы қызметін атқаруда.

Канвассинг форматындағы кездесу аясында депутат Әбдіразақ Тастановпен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы, білім саласындағы мәселелер жайлы пікір алмасты. Әңгіме барысында Әбдіразақ Тастанов қолданыстан шығып қалған «Әліппенің» қазір қайтадан бастауыш сынып оқушылары үшін қайтарылуын үлкен жеңіс деп бағалады.

Білім беру саласының 12 жылдық жүйеге көшкенін де Әбдіразақ Тастанов дұрыс қадам ретінде санайтындығын жеткізді. Оның айтуынша, мектептер 2025 жылы он екі жылдық білім беру жүйесіне көшетін болса, 1-сыныптан 12-сыныпқа дейін нақты мемлекеттік стандарттар бойынша жұмыс жасалып, нәтижесінде 12-ші сыныпты бітірген баланың бойында бүкіл білім стандартының икемі һәм дағдысы қалыптасады.

Кездесу барысында білікті ұстаз еліміздегі жетекші партияның сайлауалды бағдарламасындағы білім саласына барынша қолдау көрсетуді көздеген бастамаларға көңілі толатынын жеткізді.

30.04.2021 ж.

Келелі мәселе қозғалды

Бүгін облыстық мәслихат депутаты Ғ.Елшібаев  «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына қатысты.

Аудандық филиал төрағасы Төлеген Телғараев жүргізген онлайн жиында төрағаның бірінші орынбасары Қуанышбек Қансейітовтың 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары мен алда тұрған міндеттер туралы есебі тыңдалды.Саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

19.05.2021 ж.

Қоғамдық қабылдау

2021 жылғы 19 мамыр күні депутат Ғ.Елшібаев «Nur Otan» партиясының Төлеби аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қанат Мылтықбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Әли Әміралиев, ​ Ленгір қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Татыбаев, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының ​ бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов, ​ аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев пен ​ ​ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Серғазы Қалдыбаев қатысты.

Басқосу ​ барысында көптеген мәселелер қаралды. ​ Қоғамдық қабылдауға жазылғандардың бірі – Қасқасу ауылының тұрғыны ​ Рашид Өмірбаев ​ биыл мектеп бітіріп, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғалы ​ отырған баласынан айырылды. Өзіне-өзі қол жұмсаған жасөспірімнің өліміне ұялы телефонындағы ватсап мессенджері арқылы арнайы топтың арандатуы себеп болған.​ Ой-санасы толық қалыптаспаған жас баланы суицидке итермелеген​ бұл топқа байланысты әлі нақты дерек жоқ. Қаралы оқиға орын алғалы бері 50 күннен астам уақыт өтсе де, тергеу жұмыстарының тым баяу жүріп жатқанына шағым айтқан Рашид Өмірбаев қылмыстың ашылуына көңіл бөлуді сұранды. ​ ​

Үш жылдан бері Бірінші Мамыр ауылының бір топ тұрғыны өздерін алдап соққан​ Мұстафа деген алаяқтың заң бойынша жауапқа тартылуын сұранып жүр. Қоғамдық қабылдауға осы шағымымен келген Сүлеймен Өскенбаев қылмыскер әлі де тиісті жазасын алмай жүргенін алға тартып, шара қолдануды талап етті. ​

Бұл жолғы қоғамдық қабылдауда да Ленгір қаласындағы коммуналдық мәселелер көтерілді. Қала тұрғыны Сәуле Қалжанова жол, газ, жарық мәселесіне қатысты шағымын білдірді. Ал Айдын Жамашева аудан орталығындағы жауын бұру науаларының (лотоктар) мәселесін көтерді. Жаңбыр нөсерлеп жауғанда үйдің айналасын ​ су алып, тұрғындар әбігерге түсетініне налыған А.Жамашева жергілікті билік өкілдерінен көмек сұрады. ​ ​ Екпінді ауылынан келген Нұрила Орынбекова осы елді мекенде ушығып тұрған жер мәселесін алға тартты.

Жиында қозғалған мәселелер оңтайлы шешілу үшін тиісті мекемелерге​ ​ сауалдар жолданды. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы​ Бауыржан Жанаев қоғамдық қабылдау барысында көтерілген қылмыстар бойынша тергеуді өзінің бақылауға алатынын, кінәлілер болса тиісті жазаға тартылатынын мәлімдеді.​ Ал Ленгір қаласы әкімінің орынбасары мен ТҮКШ бөлімінің маманы жиын аяқталған бойда шешімін табуы тиіс мәселелерді көзімен көріп, ​ зерделеу үшін шағымданушылармен бірге ​ аттанып кетті.

 

Қоғамдық қабылдау

2021 жылғы 17 маусым күні «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалында облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров қоғамдық қабылдау өткізді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов, аудандық мәслихат депутаты Нұргелді Құлышев, сондай-ақ «Ленгір су» мекемесінің бас инженері Айтбай Тәжібаев пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген Қорған ауылының тұрғындары біраз күннен бері ауыз су тапшылығына ұшырағанын алға тартты. Бұған “Біркөлік” демалыс аймағындағы қаптаған қонақ үй мен демалыс орындары иелерінің шектен шыққан әрекеттері себеп болып отыр. Санитарлық және заңдық талаптарды сақтамай отырған олар ауылға келетін ауыз су құбырына рұқсатсыз қосылып, сол арқылы бассейндерін толтыруды әдетке айналдырып алғандығын айтты. Тегін сумен бассейіндерін толтырып, табыс тауып отырғандардың теріс әрекеті салдарынан Біркөліктің төменгі жағындағы ауылдарға су жетпей, тұрғындардың наразылығы күшейіп тұрғандығын жеткізді.

Аудандағы қоғам белсендісі Гүлманат Байзақова Біркөлікте көшеге ағып, ысырап болып жатқан су ғана емес, бұзылған жолдар мен шашылып жатқан күл–қоқыс мәселелері бойынша да шағымданды. Бюджеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы тиістігіне тоқталды.

Қасқасу ауылынан келген Ерлан Бексейітов, Нұржан Есебаев пен Жамбыл Омаров та ауыз су мәселесінің тапшылығы туындап жатқанын алға тартты. Қоғамдық қабылдауға келгендер сонымен қоса, жайылым жетіспеушілігі мәселесін қозғады. Қасқасу ауылына табиғи газды әкелу, ауылды жарықтандыру, тазалық пен қоқыс мәселелері жайлы да тұрғындар батыл пікірлерін бүкпей айтты.

Жиыннан соң «Nur Otan» партиясының белсенділері, «Ленгір су» мекемесінің өкілдері мен аудандық әкімдіктің қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары Біркөліктегі жағдайдың мән-жайын білуге, мәселенің оң шешілуіне атсалысуға бірден кірісіп кетті. Демалыс аймағындағыларға заң талаптарын сақтау бойынша ескерту беріледі. Қасқасуды газдандыру ісі келесі жылдың күз айында аяқталатыны айтылды.

15.07.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

 2021 жылғы 15 шілде күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібаев «Nur Otan» партиясының Төлеби аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, «Ленгір су» мекемесінің бөлім басшысы Бибол Жұмағұлов және басқа да жауапты мамандар қатысты. Қабылдауда тұрғындар ауыз су тапшылығын, мал жайылымдарының жетіспеушілігін, ғаламтор желісі байланысының нашарлығын және коммуналдық мәселелерді қозғады.

Өз кезегінде, депутат Ғалымжан Елшібаев пен әкімдіктің жауапты қызметкерлері тұрғындардың өтініштерін бақылауға алып, алдағы уақытта осы мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕКЕМЕДЕН  ШУ ШЫҚТЫ

Жақында облыстық мәслихаттың депутаты  Ғалымжан Елшібаевтың атына  Төлеби ауданындағы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№4 Тасарық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»  мекемесінің қызметкерлері арызданған болатын. Мүгедек балаларға қызмет көрсететін мекеме 1988 жылдан бері жұмыс істейді. Мекемеде Төлеби ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Тасарық  арнайы  орта мектебі жұмыс істеп, онда  туа бітті сал ауруына шалдыққан 50-ден астам оқушы білім алады.

Мәселені қарауға  арналған жиынға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары  Сержан Дүйсебаев, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты  Қуаныш Қансейітов,  аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рабиға Бейсебаева, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Роза Аманова, Тасарық ауылының әкімі Бақытбек Алтынбеков қатысты.  Мекеме жабылған жағдайда арнайы мектептегі 32 мұғалім мен осы орталықтағы әр алуан бағыттағы 100-ден астам әлеуметтік қызметкерге  жұмыстан айырылу қаупі төнбек.  Халықаралық стандарттардың талабына сәйкес облыс орталығы жаққа бұл мекеменің қоныс аударатыны шешілген мәселе болғанымен әзірге нақты қашан көшетіні белгісіз.  Екіншіден орталық көшкен жағдайда одан босаған ғимарат қандай мақсатта пайдаланылатыны толыққанды шешілмегендіктен елдің алдын ала байбаламға бармағаны жөн.    Бұл мәселе тиісті бақылауға алынатын болады.

ХАНАРЫҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛАУЫ—ЖАҢА МЕКТЕП

Облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Елшібаевтың Төлеби ауданы Ханарық ауылында өткізген көшпелі қоғамдық қабылдауында халқы тығыз қоныстанған ауылға жаңа мектептің қажеттігі мәселесі көтерілді.  Ханарық мектебінің ұстаздармен, оқушылармен арадағы әңгіме еркін форматта өтті.  Жалпы Ханарықтағы мектеп екі ғимараттан тұрады.  Олар осыдан бірнеше жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Алайда бәрібір сынып бөлмелері санитарлық талаптарға сай келмейді. Оқу бөлмелерінің әр оқушыға шаққандағы шаршы метрі де стандартқа сәйкес емес. Бір оқушыға 2,5 шарша метрден келсе, Ханарықта ол 1,2 шаршы метрді құрайды. Шеберхана ғимараты 1960 жылы асар әдісімен тұрғызылған, қазір мүлдем жарамсыз күйде.

Мектеп 292 орынға жоспарланған, ал қазір онда 473 шәкірт білім алады. 3 ауысымға өтіп кетуі қаупі бар.  Алдағы уақытта Ханарықта шәкірттердің жаңа мектепте оқитын күн де келеді деп күтілуде.  Мәслихат арқылы бұл мәселе шешімін табатын болады

 

» Nur Otan»  партиясының Төлеби аудандық филиалында Түркістан облысы мәслихатының депутаттары Ғалымжан Елшібаев мен  Бекжан Айтқұлов онлайн және офлайн форматта азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Тұрғындардың жай-күйімен танысып, олардың ауқымды мәселелерін шешу үшін қоғамдық қабылдауға «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қансеитов Қуанышбек Үсібәліұлы, сонымен қатар  Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бейсебаева Рәбиға қатысты.

Зертас ауылының тұрғындары, жалғыз басты ана Гүлжамал Тастановна және Джолдасова Тоғжан  есімді азаматшалар, өз жағдайларын  түсіндіріп, ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырып беруін өтінді.  Сонымен қатар, Төлебилік тұрғын, Асқаров Дәулет мырзаның өтініші бойынша, Түймебай Нұрдаулет  есімді ұлы,  науқас екендігін хабарлап, ұлының емделуі үшін Алматы қаласына  барып келуіне, қаржылай көмек сұрап қамтамасыз етуін өтінді.

Қоғамдық қабылдау барысында төлебилік  тұрғындары кәсіпкерлік, қоғамдық жұмысқа орналасу, әлеуметтік салалары бойынша өтініштерін білдірді.  Нәтижесінде, келіп түскен барлық өтініштерге ҚР заңдылықтарына сәйкес тиісті жауап беріліп, біраз  өтініштер қанағаттандырылды.

ҚАРАТӨБЕ ҚАЙ ҒАСЫРДАҒЫ АУЫЛ?

Таяуда Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарынан құрылған арнайы жұмыс тобы өңірдегі ең өзекті мәселенің бірі- апатты мектептерді зерттеу, зерделеу үшін барлық аудан-қалаларды аралады.  Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібаев бастаған топ  Төлеби ауданындағы апатты мектептердің ішіндегі ең ерекшесі,шалғай елді мекендегі Қаратөбе шағын жинақты мектебіне арнайы барды.   Апатты жағдайдағы  ғимарат небәрі бес сынып бөлмесінен  тұрады. Осында 146 бала білім алады. Спортзал, акт залы, асхана  деген атымен жоқ.  Ғимараттың тарлығынан оқушылар көрші ауылдарға, Шымкентке қатынап оқиды. Осыдан оншақты жыл бұрын ауылға «көгілдір отын» келсе де мектеп көмірмен жылытылады.

Ауылға жаңа мектеп қажет. Жаңа мектептің құны жоба бойынша 833 миллион теңгені құрайды. Қалай болғанда да  қаратөбелік шәкірттер көршілес аудан, қалаға шабылмай жаңа білім ұясында, жаңа заман талабына сай білім алуы тиіс. “ Аманат” партиясына елдің артып отырған аманаты осы.  Қаратөбе қай ғасырдағы ауыл дегеннен шығады. Ауылда жиырма бірінші ғасырға лайықты денсаулық сақтау жүйесі жоқ. Тұрғындар  Шымкентке, көршілес Қазығұрт ауданына барып емделеді. Ауылдағы медпункт жарамсыз. Бұл енді алдағы уақытта арнайы әңгіме болатын өз алдына бөлек мәселе.

I am text block. Click edit button to change this text. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.