Дүйсенова Тамара Босымбекқызы

  • Дүйсенова Тамара Босымбекқызы

    Еңбек жолын Сарыағаш ауданында информатика пәні мұғалімі ретінде бастады. 1988-1992 жылы Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы экономика және нормативтер ҒЗИ экономисті болып қызмет етті. Сарыағаш аудандық әкімшіліктің аға экономисті, «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1999-2002 жылдары – ОҚО  әкімінің орынбасары. 2002-2006 жылдары – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2006 – 2008 жылдары – ОҚО әкімінің орынбасары. 2008-2013 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылдың ақпанынан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2013 жылдың 10 маусымынан бастап – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а., 2013 жылдың маусымынан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарды.

    Экономика ғылымының кандидаты.