«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі  конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі, 160000, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй, анықтама үшін телефон  8 (7252) 21-09-28, эл. почта maslihat.uko@yandex.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы,  D-1 санаты.

Функционалдық міндеттері:

Түркістан облыстық мәслихатының, оның органдары мен хатшысының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Облыстық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін  жүзеге асыруға көмек көрсету жөніндегі жұмысты басқару. «Түркістан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық жасау, «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты болу. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Парламентімен, оның аппаратымен, органдарымен және депутаттарымен, облыстық мәслихат органдарымен және оның депутаттарымен, облыс әкімінің аппаратымен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын арқарушы органдармен, облыс қалалалары мен аудандарының әкімдерімен, басқа облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттармен, орталық және облыстық аумақтық сайлау комиссияларымен, сондай-ақ олардың Түркістан облыстық мәслихатының аппаратымен  өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету. Облыстық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеуден өтуіне және ресми жариялануына бақылау жасау. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты»  мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар беру. Түркістан облыстық мәслихатының хатшысына Түркістан облыстық мәслихатының, Түркістан облыстық мәслихаты сессиясы төрағасының шешімдері мен Түркістан облыстық мәслихаты хатшысы өкімдерінің жобаларын және өзге де материалдарды ұсыну. Түркістан облыстық мәслихат регламентінің, «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің  және штат құрылымының жобаларын әзірлеуге басшылық жасау және оларды облыстық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсыну. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобасын әзірлеуге басшылық жасау және оны Түркістан облыстық мәслихатының хатшысына бекітуге ұсыну.  Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылық жасау және  Түркістан облыстық мәслихатының хатшысына бекітуге ұсыну. Түркістан облыстық мәслихатының аппаратында «Е-қызмет» персоналды басқарудың біріктірілген ақпараттық жүйесін қолдануды қамтамасыз ету және оған бақылау жасау. Өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қою. Облыстық мәслихат хатшысына «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне сыйақы беру және оларға қатысты тәртіптік жаза белгілеу жөнінен ұсыныстар енгізу.

 

Еңбек ақысының көлемi мен шарттары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай

 

min

max

D-1

182 456

246 519

 

Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары, D-1 санаты:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу органдарының, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Түркістан облыстық мәслихатының maslihat-turkistan.gov.kz  және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің www.gov.kz интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

 

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы №14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

            Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 

Файлдардың шекті мөлшері 5 Мб аспауы қажет.

 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде  (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6) өтеді.

 

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 92-тармағына сәйкес А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 __________________________

 

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені _____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
____________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

                                                                                                         (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________________________________________________

Байланыс телефоны: ________________________________________________________

e-maіl: ____________________________________________________________________

ЖСН:  ____________________________________________________________________

_________________ _________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.