«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі, 160000, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй, анықтама үшін телефон  8 (7252) 21-09-28, эл. почта kanc.turmaslihat@yandex.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Түркістан облыстық мәслихаты аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің бас инспекторы,  D-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының (әрі қарай – тұрақты комиссия) жұмысына жәрдемдесу. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты»  мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқауларды орындау. Тұрақты комиссияның қызмет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін  және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін жинақтап, талдау. Облыстық мәслихат шешімдерінің жобалары бойынша қорытындылар, келісу парақтарын, түсіндірме жазбалар әзірлеу. Орындауға жолданған облыстық мәслихаттың шешімдерін және басқа құжаттарды, сондай-ақ тұрақты комиссияның қаулылары мен ұсынымдарының орындалуына бақылау жасау. Тұрақты комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша мәслихат шешімдерінің, сессияда, тұрақты комиссия отырыстарында айтылған сын-ескертпелердің, ұсыныстардың, өтініштердің, депутаттық сауалдардың орындалу барысына мониторинг жүргізудің үлгілік кестелеріне сәйкес тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Мәслихат шешімдерін, сессияда, тұрақты комиссия отырыстарында айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныстарды, өтініштерді қарастыру үшін тиісті органдарға хат жолдау, белгіленген мерзімде жауабын алуды қадағалау. Берілген жауаптың толықтығына, орындалу деңгейіне баға беру, тиісті депутаттарға жолдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Тұрақты комиссия төрағасының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру. Тұрақты комиссияның құрамына енген облыстық мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарының мәслихаттарымен және өзге де мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Тұрақты комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен және  ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Облыс бюджетінің және экономикасының дамуы, жергілікті мемлекеттік жекешелік әріптестік мәселелері бойынша депутаттар үшін анықтамалық материалдар әзірлеу. Бюджеттің атқарылуы мәселесі бойынша облыс әкімдігімен және облыстық тексеру комиссиясымен өзара іс-қимыл жасау. Облыстық мәслихат депутаттарының депутаттық өкілеттігін жүзеге асыру қызметтеріне қатысты материалдарды жинақтау. Облыстық мәслихат депутаттарының депутаттық сауалдары мен өтініштерін қарауды ұйымдастыру, нәтижелері бойынша ақпарат әзірлеу. Облыстық мәслихат хатшысы бекіткен депутаттық сауалдардың орындалу барысына мониторинг жүргізудің үлгілік кестесіне сәйкес депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды жинақтау, орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу. Нәтижелері бойынша әр тоқсаннан кейінгі айдың бірінші онкүндігінде облыстық мәслихат хатшысына қорытынды талдауды енгізу. Жыл қорытындысы бойынша сессияда қарау үшін қорытынды мәлімет дайындау. Нақты лауазымның қызметінің бағыттарына сәйкес мәселелер бойынша ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Үкіметінен, ҚР Парламентінен, ҚР орталық атқарушы органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан келген хат-хабарлармен жұмыс істеу. Нақты лауазымның қызметінің бағыттарына сәйкес мәселелер бойынша ашық деректерді, ақпараттар мен нормативтік құқықтық актілерді облыстық мәслихаттың ресми сайтына орналастыру және уақтылы жаңарту. Облыстық мәслихат тұрақты комиссиясының, сондай-ақ депутаттарының қызметін облыстық мәслихаттың ресми сайтында жарыққа шығару. Облыстық мәслихат аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар әзірлеу.

 

Еңбек ақысының көлемi мен шарттары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай

 

min

max

D-3

141 576

191 482

 

Түркістан облыстық мәслихаты аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің бас инспекторы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары, D-3 санаты, 1 бірлік:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Түркістан облыстық мәслихатының maslihat-turkistan.gov.kz  және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің www.gov.kz интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жоғарыда көрсетілген 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 

Файлдардың шекті мөлшері 5 Мб аспауы қажет.

 

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде  (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6) өтеді.

 

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 92-тармағына сәйкес А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 __________________________

 

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені _____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
____________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

                                                                                                         (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________________________________________________

Байланыс телефоны: ________________________________________________________

e-maіl: ____________________________________________________________________

ЖСН:  ____________________________________________________________________

_________________ _________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/

цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/

индивидуальный идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)



 3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей



4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ



Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации



қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения













_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата