«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі, 160000, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй, анықтама үшін телефон  8 (7252) 21-09-28, эл. почта maslihat.uko@yandex.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Түркістан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары-тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы,  D-2 санаты.

Функционалдық міндеттері:

Облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау.  «Түркістан облыстық мәслихат аппараты»  мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқауларды орындау. ­Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық мәслихат аппараты қызметкерлерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру. Облыстық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің  қызметіне басшылық жасау. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметін ұйымдастыру. Облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу барысында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерімен,  жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіру. Облыстық мәслихат шешімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулылары мен ұсынымдарының  орындалуына бақылауды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Аппарат қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауына бақылау жасау. Облыстық мәслихат аппаратының жұмыс жоспарын әзірлеу және аппарат басшысына келісу үшін ұсыну. Сессия материалдарын қағаз түрінде көбейту және электрондық жөнелту үшін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Депутаттық сауалдар мен өтініштерді қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Сессиядан соң облыстық мәслихат шешімдерін пысықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Сессияда қаралған мәселелер бойынша бастапқы материалдарды жинақтау. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мәслихат қызметімен байланысты ашық деректердің, ақпараттар мен нормативтік құқықтық актілердің облыстық мәслихаттың ресми сайтында орналастырылуына және уақтылы жаңартылуына мониторинг жүргізу және талдау. Облыстық мәслихаттың  сессиялары мен ашық отырыстарына қолжетілімдікті қамтамасыз ету мақсатында олардың онлайн-трансляциясын мәслихаттың ресми-сайты арқылы жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Айына бір рет облыстық мәслихаттың хатшысына облыстық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің  қызметінің бағыттарына сәйкес мәселелер бойынша ашық деректер мен ақпараттарды орналастыруын  және уақтылы жаңартып отыруын  мониторингтеу және талдау нәтижелері бар қызметтік жазба түрінде ақпарат енгізу.

Еңбек ақысының көлемi мен шарттары

Санаты

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай

 

min

max

D-2

163 166

220 682

 

Түркістан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары-тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары,                    D-2 санаты:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Түркістан облыстық мәслихатының maslihat-turkistan.gov.kz  және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің www.gov.kz интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы №14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Файлдардың шекті мөлшері 5 Мб аспауы қажет.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде  (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6) өтеді.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды  іріктеудің басқа құралдары қолданылады.

Кандидаттарды іріктеудің қосымша құралдары: Берілген тақырыпқа қазақ және орыс тілдерінде эссе жазу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы)  54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 92-тармағына сәйкес А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.