Білісбеков Жұмағали Дәулетбекұлы

  • Білісбеков Жұмағали Дәулетбекұлы

        Еңбек жолын 1982 жылы Шымкент кооператив техникумынан бастайды. Оқытушы, тәрбиеші-педагог, есеп-қисап бөлімінің меңгерушісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүреді. Мемлекеттік сауда және тұтыну кооперациясы қызметкерлік облыстық комитетінің және кооператив төрағасы болып сайланған. Ленинград қаласындағы ВЦСПС Орталық Комитетінің жоғарғы кәсіподақ курсын тәмамдаған.

           1990 жылғы қарашаден бері түрлі коммерциялық құрылымдардың басшысы қызметін атқарды. 2006 жылдың мамырынан 2015 жылдың қарашасына дейін «Жан ұя» ЖШС директоры, бүгінгі таңда осы аталған серіктестікте қаржы директор қызметін абыроймен атқарып келеді.

            Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін құқықтандыру мамандығы бойынша  үздік дипломмен бітірген. Экономика саласындағы құқықтық реттеу жөніндегі білікті заңгер дәрежесіне ие.