Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткізілді

2021 жылдың 15 маусымында Түркістан облыстық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысын осы комиссияның төрағасы  Р.Шерімов жүргізіп отырды. Отырысқа комиссия мүшелері, облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыстық басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қойылып, қаралды.

  1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының 2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі туралы:
  4. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
  5. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VІ «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы»
  6. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VІ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы».

Комиссия отырысы барысында күн тәртібіндегі мәселелерге жауапты мекеме басшылары баяндама жасап, түсіндірме жасап өтті.

Депутаттар тарапынан облыстық бюджеттің игерілу, облыс көлеміндегі мектеп, денсаулық мекемелерінің құрылыс барысы туралы сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға тиісті басқарма басшылары жауап берді.

              Күн тәртібіндегі мәселелерге комиссия мүшелері келісім беріп, кезекті 7-ші сессия қарауына ұсынылды.