Бинашев Тілеуберді Мелдешұлы

Бинашев Тілеуберді Мелдешұлы

Бинашев Тілеуберді Мелдешұлы 1956 жылы Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы)  Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында дүниеге келген. «Өнер ордасы музейі» ЖК-нің директоры, көркем академиясының академигі.   

Бала кезінен мүсін өнеріне қызығып, ағаш жонып, тастарды қашап, мүсінмен әуестенген. Халқымыздың басынан кешкен түрлі оқиғаларға байланысты композициялық монументтер жасаған. Жасаған дүниелерінің ішінде Абылай хан, Кейкі батыр, Қарасай батыр, Шақшақ Жәнібек, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Қажымұқан, Бауыржан Момышұлы, Шәмші Қалдаяқов, Дінмұхаммед Қонаев, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова сияқты тарихи тұлғалар мен қоғам, әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің мүсінін жасаған. Шаңырағын шағын мұражай-көрмеге айналдырған. Мүсіншінің еңбектері бірнеше республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан.

Арыс қаласындағы орталық алаңда эпостық жырға сүйенген, сәтті бейнеленген «Мұңлық-Зарлық» символикалық ескерткішін тұрғызды. Туған жерінде Алатау батыр ескерткіші орнатылған.

Түркістан қаласы оқушылар сарайының алдында Абай, Түркістан қалалық музыкалық драма театрдың алдында Әл-Фараби және «Ақжайық» музыка мектебінің алдында Шәмші Қалқаяқовтың ескерткіштері қойылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістанда жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алдында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа биіктігі – 4 метр, тұтастай қоладан құйылған ескерткіші орнатылды.

«Мұңлық-Зарлық», «Керей-Жәнібек», «Баба рухы» монументтері, Қажымұқан, Абылайхан, Құрманғазы, Күләш Байсейтова ескерткіштері Т.Бинашевтің өнердегі эпикалық кең құлашын көрсетеді. Лирикалық лебі бар «Атамекен», «Әуен», «Сырласу», «Байырқұмның баласы», «Көктемгі жаңбыр», «Сүйінші» «Қиял» «Бинаш ата», «Аршагүл ана», «Байырқұмның қыздары», «Кемпірқосақ», «Дала қызы», «Сыр бойы» «Сағыныш» және т.б. туындылары туралы көп сөз айтуға болады.

Марапаттары: ҚР Мәдениет  Министрлігінің «Мәдениет қайраткері»,  «Алпамыс батыр» медалі, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы, ҚҚ «ҚР Көркем Академиясының Академигі, Арыс қаласының Құрметті Азаматы, «Талғат Бигельдинов» атындағы медалі, «Сағадат Нұрмаханбетов» атындағы медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі.

2018 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. «Алтын адам» сыйлығының мүсіншісі.

Түркістан облысының Құрметті Азаматы (15.09.2021).

 

Бинашев Тлеуберди Мельдешович родился в 1956 году в селе Байыркум города Арысь Туркестанской области (ранее Южно-Казахстанской области). Директор ИП «Өнер ордасы музейі», академик Академии художеств.

С детства увлекался скульптурой, резал деревья, разбивал камни. Он создал композиционные монументы, связанные с различными событиями, которые пережил наш народ. Среди творений были созданы скульптуры таких исторических личностей и деятелей общества, литературы, культуры как Абылай хана, Кейки батыра, Карасай батыра, Шакшака Жанибека, Толе би, Каз дауысты Казыбек би, Айтеке би, Кажымукана, Бауыржана Момышулы, Шамши Калдаякова, Динмухамеда Кунаева, Талгата Бигельдинова, Маншук Маметовой. Дом был превращен в небольшой музей-выставку. Работы скульптора участвовали в нескольких республиканских, всесоюзных и международных выставках.

На центральной площади города Арысь воздвигли символический памятник «Мұңлық-Зарлық», который с успехом воплотился в эпическую поэму. На родине установлен памятник Алатау батыру.

Перед Дворцом школьников города Туркестан были поставлены памятники Абаю, перед Туркестанским городским музыкально-драматическим театром Аль-Фараби и перед музыкальной школой «Ақжайык» Шамши Калкаякова. В преддверии Дня Независимости в Туркестане перед новым административно-деловым центром установлен памятник Первому Президенту РК – Елбасы Нурсултану Назарбаеву высотой 4 метра, целиком из бронзы.

Монументы «Мұңлық-Зарлық», «Керей-Жәнібек», «Баба рухы», памятники Кажымукану, Абылайхану, Курмангазы, Куляш Байсейтовой отражают эпическое творчество Т. Бинашева. Много слов можно сказать о произведениях «Атамекен», «Әуен», «Сырласу», «Байырқұмның қыздары», «Көктемгі жаңбыр», «Сүйінші», «Қиял», «Бинаш ата», «Аршагүл ана», «Кемпірқосақ», «Дала қызы», «Сыр бойы», «Сағыныш» и др.

Награды: «Мәдениет қайраткері» Министерства культуры РК, медаль «Алпамыс батыр», «Почетный гражданин» Ордабасинского района, «Академик Академии художеств» РК, Почетный гражданин г. Арысь, медаль им.Талгата Бигельдинова, медаль им. Сагадата Нурмаханбетова, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі.

Скульптор премии «Золотой человек».

Почетный гражданин Туркестанской области (15.09.2021)