Бегалиева Шолпан Маратқызы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Қаңтар,  2020 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық маслихатының депутаты. «Turkistan Bolashaq» гимназиясының директоры.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 08.12.1982 ж.
Туған жері Кентау қаласы
Ұлты Қазақ Білімі Жоғары
Бітірген жылы 2006 ж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Білімі бойынша мамандығы Заңгер
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Орыс және ағылшын тілдері Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Жоқ
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы)    
Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
09.2006 ж. 04.2009 ж.  «Болашақ» колледжі, «Құқықтану» пәнінің оқытушысы
04.2009 ж 10.2011 ж.  «Болашақ» колледжі директорының орынбасары
10.2011 ж. 10.2015 ж.  «Болашақ» колледжінің директоры
01.2011 ж 12.2020 ж. Түркістан қаласы  №139 сайлау учаскескелік комиссиясының төрайымы
10.2015 ж. б.к.д.  «Түркістан Болашақ» балабақшасының меңгерушісі
01.2020 ж. б.к.д.  «Turkistan bolashaq» gimnaziiasу директоры

27.01.2021

Қоғамдық қабылдау

Түркістан облысы мәслихат депутаты Бегалиева Шолпан Маратовна 2021 жылдың  27 қаңтар күні кезекті алғашқы қабылдау өткізді. Қабылдауға Түркістан қаласының 5 көпбалалы аналары келіп,  өз мұң-мұқтаждарымен бөлісті.

Атап айтқанда, бірі үй кезегі мәселесі толғандыратынын, бірі алимент мәселесін қозғап, тағы бірі ауа-райының салдарынан орын алған  қала тазалығының, электр қуатының тұрақсыздығын сөзге тиек етті. Шолпан Маратқызының тарапынан әрбір анаға қанағаттанарлықтай жауап берілді. Әр тұрғын өз тарапынан алғысын жеткізіп, жақсы көңіл күйде тарқасты.

24.02.2021

Қоғамдық қабылдау

Ағымдағы жылғы 24 ақпан күні облыстық мәслихат депутаты Ш.Бегалиева қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға, Түркістан қаласының 7 тұрғыны келіп, өздерін мазалаған мәселелерімен бөлісті.

Қоғамдық қабылдауға облыстың 8 тұрғыны (Насирова Гульсина Рамазанқызы,  Имашева Тыныштық Бердалықызы,  Намазбаева Ұлбосын Бақытқызы,  Молдабеков Сакен Тасполатұлы, Абишев Әбдіхайым Адырбекұлы, Тұрғанбай Динара, Абдираимова Диля) келіп, бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, мүгедектік алу, АӘК  (атаулы әлеуметтік көмек) алу, жеке кәсіп ашуға көмек көрсету, жол салу, балаларға арналған алаң, воркаут сынды алаңшалар салу мәселелерін шешуге ықпал етуді сұрады.

Өз кезегінде, облыстық мәслихат депутаты Ш.Бегалиева тиісті депутаттық сауалдар жолдап, мәселелердің оңтайлы шешілуіне барынша атсалысатынын жеткізді.

23.06.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

 2021 жылғы 23 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Шолпан Бегалиева «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға екі тұрғын келіп, өздерін толғандырған сұрақтарына тиісті жауаптар мен кеңестер алды.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ  

2021 жылғы 28 шілде күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Шолпан Бегалиева қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген 3 тұрғын жұмыссыз екендерін білдіріп, тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал етуін сұрады.

Құмтүйін ауылының тұрғыны Раушан Сүйінбаева орта арнаулы оқу орнын «Аспазшы» мамандығы бойынша 1985 жылы бітіріп, сол сәттен бастап жұмыс істемегенін және зейнетақы қоры ашылмағанын айтты. Жалғыз басты ана Дильноза Ибрагимова мектеп бітірген соң, оқуын жалғастырмаған жеткізсе, Ақниет Бимырза есімді азаматша екі баласын жалғыз өзі асырап отырғандығын және орта оқу орнын қаржы тапшылығына байланысты  бітіре алмағандығын айтты.

Өз кезегінде депутат Шолпан Бегалиева қысқа мерзім ішінде тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмек көрсететінін жеткізді.