Башенов Ұлықпан

Башенов Ұлықпан 5.07.1949 жылы ОҚО Созақ ауданы Жуан-Төбе кеңшарында туылған. Шымкент мемлекеттік педагогикалық институттың қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын Келес ауданындағы «Келес» арнайы мектеп-интернатында ұстаздық қызметінен бастаған. 1973-1974 жылдары Бөген аудандық «ХХІІ партсъезд» ауылындағы К.Маркс атындағы мектепте мұғалiм болып жұмыс жасаған.

1974-1977 жылдары Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетiнiң ұйымдастыру бөлiмiнде нұсқаушы; 1977-1979 жылдары Қазақстан ЛКЖО Келес аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы; 1979-1981 жылдары сол ауданындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің директоры; 1981 жылы Жетiсай ауданының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры; 1989 жылдың күзінде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс аудандық білім бөлімінің меңгеруші; 1991-1992 жылдары облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары; 1992 жылы Арыс ауданы әкімінің орынбасары және сонымен қатар аудандық бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау басқармасының басшысы; 1998 жылдың ақпан айынан Оңтүстiк Қазақстан облысының бiлiм департаментiнің директоры болып қызмет атқарған.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің келісімімен Республикалық әскери мектеп-интернатына басшы етіп тағайындалды. Бұл қызметті 2015 жылға дейін абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шыққан.

2015 жылдан бері Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарып келеді.

Наградалары:

«Құрмет» ордені, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР Қарулы күштеріне 10 жыл», «ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарі.

1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының «Жыл адамы», 2002 жылы «РФ психология ғылымдары Халықаралық Академиясының Құрметті мүшесі (академигі)» атанған. 2009 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, 2009 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен, 2013 жылы «Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов» медалімен, 2014 жылы Жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы ерекше еңбегі үшін «Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов» орденімен, 2015 жылы «Авиация генерал-майоры» Талғат Бигельдинов медалімен, 2016 жылы ҚР «Қажымұқан» қоғамдық қорының «Қажымұқан Мұңайтпасовтың 145 жылдығы» мерейтойлық медалімен, 2017 жылы ҚР Ұстаз жолы қоғамдық қорының шешімімен «Қоғамға қызмет еткені үшін», «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен, облыстық мәслихаттың грамоталарымен марапатталңған. Білім саласындағы еңбектері үшін 1993 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 2004 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, 2010 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атақтарына ие болған.

Арыс және Созақ аудандарының, Түркістан облысының Құрметті азаматы.