Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде өткен Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде өткен Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-2-бабының 2-тармағына сәйкес «Ақ жол» демократиялық партиясының және «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының фракциялары ресми тіркелді.

 Бұл фракциялар облыстық мәслихатта осы партиялардың мүдделерін білдіріп, сайлаудағы бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін болады.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы фракциясының құрамына  осы партиядан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Қадырбеков Керімхан Жанысұлы – фракция жетекшісі, Ережепов Серкебай, Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы, Кәрімбаев Сейітжаппар Ноянұлы –фракция мүшелері болып енгізілді. Срнымен қатар, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының құрамына осы партиядан сайланған облыстық мәслихат депутатары Салықбаев Абзал Мырзаханұлы – фракция жетекшісі, Орман Анарбек Оңғарұлы, Көшенов Сұлтан Бахытұлы, Құрбаналиев Әбдірасул Жантілесұлы – фракциия мүшелері болып енгізілді.