
(айы,жылы) | Қаңтар, 2021 ж. 2018 ж. | ||||
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) | Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. | ||||
Туған кезі (күні, айы, жылы) | 08.07.1962 ж. | ||||
Туған жері | Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы | ||||
Ұлты | Қазақ | Білімі | Жоғары | ||
Бітірген жылы | 1999 ж. | М.Әуезов атындағы ОҚМУ | |||
Білімі бойынша мамандығы | экономист | ||||
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі | қазақ, орыс, ағылшын. | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | Жоқ | ||
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) | |||||
Партияға қатыстылы | «NUR OTAN» партиясының мүшесі (2007 ж.) | ||||
Келген / Кеткен айы және жылы | БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ | ||||
08.1979 | 09.1980 | Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп, лаборант | |||
09.1980 | 08.1981 | Алғабас аудандық тұрмыс комбинаты, БЛКЖО (ВЛКСМ) бастапқы ұйым хатшысы | |||
06.1984 | 09.1984 | Бадам АРБ «Сельхозхимия», инженер-технолог | |||
09.1984 | 02.1986 | Шымкент облыстық «Сельхозхимия» өндірістік бірлігі, инженер | |||
05.1986 | 01.1987 | «Облселхозтехника» Шымкент техникалық құралдармен жабдықтау базасының қоймасы, қойма меңгерушісі | |||
01.1981 | 10.1992 | Шымкент техникалық құралдармен жабдықтау базасы агропром комитетінің №7 қоймасы, инженер | |||
04.1993 | 03.1994 | «Ордабасы» АҚ сауда үйінің Шымкент облыстық базасы, бас инженер | |||
03.1994 | 05.1995 | «Ордабасы» АҚ сауда үйінің Шымкент облыстық базасы, техникалық-орындаушы директор | |||
05.1995 | 01.1999 | «Ордабасы» АҚ сауда үйінің Шымкент облыстық базасы, президент | |||
01.1999 | 04.2001 | «Қайсар» өндірістік кооперативі, төраға | |||
04.2001 | 05.2001 | ҚР Мемлекет қызмет істері жөніндегі агенттігі,төраға көмекшісінің міндетін атқарушы | |||
05.2001 | 06.2001 | ҚР Мемлекет қызмет істері жөніндегі агенттігі,төраға көмекшісі | |||
06.2001 | 07.2001 | ҚР Мемлекет қызмет істері жөніндегі агенттігі, ұйымдастырумен қамтамасыз ету басқармасы бастығының м.а. | |||
07.2001 | 12.2007 | ҚР Мемлекет қызмет істері жөніндегі агенттігі, ұйымдастырумен қамтамасыз ету басқармасы бастығы; | |||
12.2007 | 03.2008 | Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау басқармасының басшысы | |||
2008 | 2009 | Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысы | |||
2009 | 20014 | Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңіраралық көліктік бақылау инспекция басшысы | |||
2014 | 2018 | «Барыс НК» ЖШС директоры | |||
2018 | б.к.д. | «Қазсушар» ШЖҚ РМК Түркістан облыстық филиалының директоры. |
18.03.2021 ж.
2021 жылғы 18 наурыз күні Кентау қаласында елдің ынтымағы мен бірлігін сақтау ісінде, аға ұрпақтың ерлігі мен еңбегін насихаттап, елдің дамуына ұйытқы болып, жастар тәрбиесі мен ел ішіндегі өзекті мәселелердің шешілуіне өзіндік үлес қосып жүрген тағдыры мен тағлымы, жалпы өнегелі өмір жолдары мол қазыналы қария, партия ардагері, ел дамуына өз үлесін қосқан Исахан Жұмабаевтың отбасын облыстық мәслихаттың депутаты Кеңес Әуен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтап, канвассинг кездесу өткізді.
Атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген қазыналы қария ең басты мәселе елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтауда аянбай еңбек етуге шақырып, депутаттардың істеріне сәттілік тілеп, батасын берді.
14.04.2021 ж.
Канвассинг кездесу
2021 жылғы 14 сәуір күні Кентау қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы, қазыналы қария Қадыр Айтбаевтың отбасында облыстық мәслихат депутаты Кеңес Әуен кездесу өткізді.
Кездесуде Кентау қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстармен және алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, Қадыр Айтбаев атамыздың ақыл, кеңестерін және газ, су, бағдаршам мәселелері бойынша өтінішін тындаған.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші ақсақал атамызды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ең басты мәселе елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтауда аянбай еңбек етуге шақырған және істеріне сәттілік тілеп, батасын берді.
15.06.2021 ж.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
2021 жылдың 15 маусымында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Кеңес Әуен «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген қала тұрғындары қоғамдық көлік және ауыл шаруашылығы мәселелерін көтерді.
Аталған мәселелерді депутат Кеңес Әуен өз бақылауына алатындығын және олардың шешілуіне ықпал жасайтындығын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті.
2021 жылғы 28 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауға келген Шорнақ ауылының тұрғыны Ғ. Жұмағұлова өз қаражатына 120 орындық балабақша салғандарын баяндады. Алайда құжаттарының рәсімделуіне кедергі болып жатқанына байланысты пайдалануға берілмей отырғандығын алға тартып, көмек сұрады. Кеңес Әуенұлы ауыл тұрғынының мәселесін тыңдап, балабақшаға барып, атқарылған жұмыстармен танысып, аталған мәселенің шешілуін, өз бақылауына алатындығын жеткізді.
2021 жылғы 28 қыркүйек күні Жаңадан құрылған Сауран ауданында қоғамдық қабылдау өткізгеннен кейін Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның ХYIII съезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға негізделген тапсырмасына сәйкес Кеңес Әуенұлы бірнеше нысандарды аралады. Оның ішінде “Құдайбергенов” ЖК фабрикасына барып, ұжымымен тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Жұмысты сапалы орындап, шығарған өнімі халықтың ойынан шығатындай болуы керектігін айтып, істеріне сәттілік тіледі.
Облыстық мәслихаттың депутаты Әуен Кеңес Әуенұлы 2022 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде ардагерлерді арнайы алғыс хаттармен марапаттап, құрмет көрсетті. Ауған соғысы ардагерлері жалындаған жастық шағын от пен оқтың ортасында өткізіп, елжандылық пен патриоттылықтың нағыз үлгісін көрсете білген жандар. Отан үшін жанын беруге дайын батырларымызға алғысымызды білдіріп, отбасыларына амандық пен құт-береке тіледі.
Қоғамдық қабылдау
Облыстық мәслихаттың депутаты Әуен Кеңес Әуенұлы 2022 жылғы 16 ақпанда желілік кестеге сәйкес «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға Шаға ауылының тұрғыны М.Егізбаев өзінің меншігіндегі жердің заңсыз мемлекетке қайтарылғандығы жөніндегі мәселені көтерді. Көтерілген мәселені заң аясында қарап, шешу жолдарын қарастыратындығын жеткізді.
Сонымен Сауран аудандық Ауған соғысы ардагерлерімен мүгедектер бірлестігінің төрағасы Т.Ақтай ауған соғысы ардагерлеріне әлеуметтік жағынан қолдау көрсетуді сұрады. Көтерілген мәселеге депутат өз тарапынан қолдау көрсетті.