Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

Еңбек жолын 1985 жылы А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы ретінде бастады. 1986-1991 жж. аралығында – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары. 1991-1995 жж. – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорынның «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясы бас директорының бірінші орынбасары. 1995-1996 жж. – «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (Теміртау қ.). 1996-2006 жж. – Кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 2006 -2007 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.). 2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі (Тегеран қ.). 2008-2010 жж. – Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (Германия). 2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы және Филиппин, Индонезия, Бруней-Даруссалам сұлтандығында қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Куала-Лумпур қ.). 2012.-2014 жж. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы. 2014 ж. тамыз – 2015 ж. тамыз – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы. 2015 ж. тамыз – 2016 ж. қазан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2016 ж. қазан – 2018 ж. желтоқсан – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. Бүгінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқаруда.