Атаева Насиба Сабыржанқызы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. 2017 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. «Яссы Құрылыс» азық-түлік комбинатының директоры
Туған кезі (күні, айы, жылы) 23.01.1987 ж.
Туған жері Түркістан қаласы
Ұлты өзбек Білімі Жоғары
Бітірген жылы 2008 ж. 2010 ж. 2019 ж. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Білімі бойынша мамандығы Ағылшын және түрік тілдері бакалавры. Бухгалтерлік есеп және аудит экономисті. Өңдеу өнеркәсіп технологы.
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Қазақ Орыс Өзбек Түрік Ағылшын Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Бакалавр
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы)          –     –
Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
2008 2013 Кадрлар бөлімінің инспекторы, «Ақ Жол» ЖШС
2013 2015 Азық-түлік комбинатының технологы, «Ақ Жол» ЖШС
2015 2016 Азық-түлік комбинатының басшысы, «Яссы Құрылыс» ЖШС
2016 2017 Директор, «Яссы Нан» ЖШС
2017 б.к.д. Азық-түлік комбинатының директоры, «Яссы Құрылыс» ЖШС

11.03.2021

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Н.Атаева жастармен

кездесті. Кездесу барысында көптеген өзекті мәселелер талқыланды.  Атап айтқанда, жас отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек пен баспана мәселелері.

22.03.2021 ж.

2021 жылы 22 наурыз күні Наурыз мейрамына орай, облыстық мәслихаттың депутаты Н.Атаева Түркістан қаласындағы бірқатар ардагерлердің үйіне барып (Алимов Балтабай, Рахматуллаев Дадажан, Хамза Пайзаевич), мерекемен құттықтап қайтты.

Кездесу барысында Н.Атаева өңірімізде атқарылып жатқан игілікті шаралармен таныстырып, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдап қайтты.

25.03.2021 ж.

2021 жылғы  25 наурыз күні «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімдерінің орынбасарлары, депутаттар қатысты. Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

  1. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында құрылған Түркістан облысы бойынша бейімдеуден өткен әлеуметтік нысандар мен қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігіне мониторингтеу тобы тарапынан жүргізілген сараптама жұмыстарының қорытындысы;
  2. Созақ ауданы әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар.

31.03.2021 ж.

Қоғамдық қабылдау

2021 жылғы 31 наурыз күні «Nur Otan»  партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Атаева Насиба Сабиржанқызы қала және ауыл тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауда депутат 5 тұрғынның мәселесін қарастырды. Қабылдауға «Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Захаров Рашид Әділұлы көз жанарынан айырылған азаматтарға қаланы ыңғайлы жасау және берілетін әлеуметтік көмектер. Нәтижесінде Кентау қаласының әкіміне Кентау қаласында көз жанарынан айырылған азматтарға тегін жол ақысы, арнайы дауысы бар бағдаршам, рельефты тротуарлар орнату туралы депутаттық сауал жолданды.

С.Сейфуллин көшесінің тұрғыны Бекмуратова Қаламқас Жұмабекқызы өзі тұратын тұрғын үй қасындағы құбыр жарылған және осы уақытқа дейін жөнделмегендігі туралы шағымын айтып келсе Алхамбетов Нұрлыхан Ерманұлы Хантағы елді-мекені Абай атындағы №5 мектебінің штатын және қызметкерлерін жұмысқа сәйкестендіру мақсатында өтінішпен келген. Нәтижесінде тиісті мекеме басшыларына көтерілген мәселелер бойынша депутаттық сауал жолданған.

08.04.2021 ж.

Канвассинг кездесу

2021 жылы сәуір айының 8 күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Атаева Насиба Сабыржанқызы бірқатар көпбалалы отбасылар және жалғызбасты аналардың үйлерін аралап, тұрмысымен танысып қайтты.

Кездесу барысында депутат бұл отбасылардың ұсыныс, пікірлерін тыңдап, заң аясында тиісті көмек көрсетуге ықпал ететіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, әр отбасыға азық-түлік себеті мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды табыстады.