Амалбек Қозыбақұлы Тшанов

  • Амалбек Қозыбақұлы Тшанов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек жолын 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Совет ауылында орта мектептің лаборанты болып бастаған. 1961 жылдан Шымкент цемент зауытында слесарь болды. 1967-1969 жылдары Шымкент облыстық тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорынында инженер, бас инженер. 1969-1980 жылдары силикат-бетон зауытының шебері, диспетчері, прорабы, директоры, Шардара ауданындағы «Өнеркәсіптік құрылысматериалы» трестінің бас технологы болып еңбек етті. 1980-1988 жылдары «Оңтүстік құрлыс конструкциясы» трестінің бас инженері, басшысы. 1988-1992 жылдары «Оңтүстік құрылыс конструкциясы» мекемесінің бас директоры. 1992-1994 жылдары Шымкент қаласының әкімі. 1994 жылдың сәуір-қазан айларында Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс комитеті төрағасының орынбасары. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрі. 1995-1998 жылдары Жамбыл облысының әкімі. 1998-1999 жылдары «Адис» фирмасының кеңесшісі.

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің 12-ші және 13-ші шақырылымының, 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты болған. 2008 жылдан бастап Республикалық спорт колледжінің директоры.

    «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

    Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы ғылым және өнер академиясының академигі. ҚР Ұлттық ғылымы академиясының құрметті мүшесі.

    Шымкент қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.