Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

2021 жылғы 21 сәуірде онлайн режимде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы мәселе қаралды.  

Бұл мәселе бойынша шешім жобасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі кодексінің 12-бабы 1-тармағының  5) тармақшасына сәйкес дайындалды.

Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі осы шешім «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ол ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылатын болады.