Абіш Дулатбек Назарбекұлы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Қазан, 2005 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. «Айғақ» Телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры
Туған кезі (күні, айы, жылы) 13.03.1962 ж.
Туған жері Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 1988 ж. 1997 ж. 2003 ж. Жезқазған педагогикалық институты. Жоғарғы құқықтық мектебі. KGG оқу орталығы.
Білімі бойынша мамандығы Филолог, заңгер, журналист менеджер.
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі сөздікпен Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Қазақстан Журналистика академиясының академигі (2018 ж)
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Парасат» ордені (2019 ж.); «Құрмет» ордені (2012 ж); «Облысқа сіңірген еңбегі үшін»  медалі(2013 ж.); «Шымкент қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2014 ж.); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2015 ж.); «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» (2021 ж.)
Партияға қатыстылы 2005 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
09.1996 01.2000  «Айғақ» газетінің бас редакторы
01.2000 12.2003 «Айғақ» ақпарат агенттігінің президенті
01.2000 б.к.д. «Айғақ» Баспа үйі» ЖШС бас директоры
12.2003 09.2005 «Айғақ» агенттігі» ЖШС бас директоры
09.2005 б.к.д. «Айғақ» республикалық газетінің бас директоры
10.2005 б.к.д «Айғақ» Телерадиокомпаниясының бас директоры

10.02.2021

Қоғамдық қабылдау

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, белгілі журналист, «Айғақ» қоғамдық телеранасының басшысы Дулат Әбіш қоғамдық қабылдау өткізіп, халық үніне құлақ түрді. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі шалғайдағы шағынауданның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтса, бірі баспана мәселесін қозғады.

Мұндағы жиналған қауымның дені «Nur Otan-ды» арқа тұтып, бір көмектің болатынына сеніп келген. Әлі күнге дейін газ, су жарыққа қол жеткізе алмай жүрген тұрғындар халық қалаулысына мұң-мұқтажын жеткізді.

Қабылдауға келгендердің көбісі көп балалы аналар мен қарт кісілер. Алғашқылардың бірі болып жалғызбасты әжей Гүлжәмила Сапарбекқызы қабылдауда болды. Бадам елді мекенінінде тұратын әжей С.Сейфуллин атындағы имектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Аз ғана жалақы немересін бағуға жетпейтін көрінеді. Сондықтан  халық қалаулысына әлеуметтік көмек беруін сұрай келіпті. Тағы да бір ауылдың мұң-мұқтажын арқалай келген қарт Жұмахан Қарымолдаұлы 22 отбасы тұратын Кемер ауылына ауыз мәселесін шешіп беруін өтінді. Бұдан басқа да әр түрлі проблемаларын айта келген тұрғындар халық қалаулысының қабылдауында болды.  Қоғамдық қабылдаудан кейін  облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш халыққа көмек ретінде азық-түлік таратты.

Сондай-ақ халық қалаулысы бүгін қаралған мәселелер өзінің тікелей бақылауында болатындығын айтты. Қоғамдық қабылдауға ұсыныс-пікірлерін арқалай келген азаматтар да өз мәселелерінің жерде қалмасына сенім білдірді.