Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі кезекті он жетінші сессиясында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, комиссияның дербес құрамына:

Құрбанов Олжа Анартайұлы Түркістан облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешенді және кәсіпкерлікті дамыту мониторинг бөлімінің бас инспекторы, комиссия мүшесі;
Кәрімбаев Нұрсұлтан Сәрсенбайұлы Түркістан облысының кәсіпкерлер  палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі

болып енгізілді.

Комиссияның дербес құрамынан Д.Талғатұлы, Б.Орынбек шығарылды.