Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы кезектен тыс он сегізінші сессиясында «Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы» мәселе қаралып, нәтижесі бойынша депутаттар Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлын енгізуге келісім берді.