Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі

2022 жылғы 14 қыркүйекте өткен облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі тындалып, назарға алынып, мәдениет басқармасының жұмысы атап өтілді. Аталған мәселені қарау нәтижесінде шешім қабалданып, ол жерде Түркістан облысының мәдениет басқармасына, қала және аудан әкімдеріне:

– шалғай жатқан ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тиісті шаралар қабылдау;

– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудандық, қалалық, ауылдық кітапханалар мен клубтарды компьютермен және сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету;

– оқырмандар санын арттыру мақсатында кітапханаларды ғылыми сирек кітаптар қорымен және заманауи әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау;

– музей, клуб, кітапхана саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және оларды басқа өңірлердің тиісті мекемелерінде тағылымдамадан өткізу бойынша шаралар қабылдау;

– өңір театрларының кәсибі тәжірибесін арттыру, олардың ел ішінде және шет елдерде танылуын көтеру мақсатында республикалық, халықаралық байқау фестивальдерге қатысуын және гастрольдік іссапарларға шығуын ұйымдастыру;

– идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша жұмыстарды жетілдіру жөнінен ұсыныстар берілді.