Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

2022 жылғы 14  қыркүйекте өткен облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы  мәселе қаралды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының  3), 4) тармақшаларына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 21 сәуірдегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, мыналар туралы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі қабылданды:

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша:

1) Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі аумағынан елді мекен құрылсын;

2)  құрылған елді мекенге «Атажұрт» атауы берілсін.

  1. Түркістан облысы Сауран ауданы бойынша:

1) Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан елді мекен құрылсын;

2) құрылған елді мекенге «Мәшһүр Жүсіп» атауы берілсін;

3) Түркістан облысы Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округіндегі                «30-разъезд» елді мекені Түркістан облысы Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округі «Ескі Сауран» елді мекені болып қайта аталсын.

  1. Түркістан облысы Отырар ауданы бойынша: Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округіндегі «Үштам» елді мекені Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округі «Самырат» елді мекені болып қайта аталсын.

Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.