Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі №4-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті  он жетінші сессиясын шақыру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                            және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2022 жылғы                                 14 қыркүйекте сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы шақырылсын.

 

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                                                            Қ. Балабиев

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының 2022 жылғы 14 қыркүйекте сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін,               мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу  14 қыркүйекте сағат            10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  2. Облыстық жер қатынастары басқармасының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге  жүргізілген  түгендеу жұмыстарының барысы туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/353-VI «Түркістан облысы әкімдігі  жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының  дербес құрамын  бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Түркістан облысы Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы;
  7. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  10. Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/410-VI «Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
  12. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы:
  13. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы  19 наурыздағы №36/303-V «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  14. 14. Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
  15. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

 

      Облыстық мәслихат   хатшысы                                                                             Қ. Балабиев