Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 7 қарашадағы №5-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы        23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2022 жылғы  18 қарашада сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы шақырылсын.

 

Облыстық мәслихат хатшысы 

Қ. Балабиев

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясының 2022 жылғы 18 қарашада сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен  шақырылғандарды  тіркеу  18 қарашада сағат            10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі №37/379-VI «Түркістан облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

 

      Облыстық мәслихат хатшысы   

Қ. Балабиев