Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2022 жылғы 14 қыркүйекте жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясы өткізіліп, күн тәртібінде «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI             «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 100 510,7 млн. теңге, кредиттер 6 479,5 млн. теңге, облыстық бюджеттің көлемі 4,3 млрд. теңгеге ұлғаюда екендігін атап өтті.